Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе, Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе. Ілмектер: ұл, қыз, тәрбие, үлгі, ата, ана, ас, ақыл Қорқыт ата Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ұл ақылды хош көрмес – ата үлгісін көрмесе, Қыз жарытып ас бермес – ана үлгісін көрмесе.
Мағынасын не
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. — Қорқыт ата ұл, мал
Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес, дарға асқаны, атқаны, Маған қиын осылардың бəрінен, Өз аулыңның иттері үріп- қапқаны... — Ахмет Байтұрсынұлы сатқындық, сатқындық туралы нақыл сөз
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп, Қазағым, енді жату жарамас- ты. — Міржақып Дулатұлы қазақ, оян қазақ
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме. — Абай Құнанбайұлы қайғы, қызық
Қызда қылық болмаса, Құр шырайдан не пайда. Ерге дәулет бітпесе, Шүлдіреген қызыл тілден не пайда. — Бұқар жырау қыз, дәулет
Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі. Өзіне келер ұятын, Өзі біліп тұрса игі. Жаудан бұққан немені, Ортасына қуса игі! — Төле би Әлібекұлы ата, ұл
Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі. — Бауыржан Момышұлы тіл, ұлт
Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы. Әйелің жақсы болса, Бірінші - иманың, Екінші - жиғаның, Үшінші - ырысыңның тұрағы. — Төле би Әлібекұлы ат, жақсы
Ильхам
Мағынасын не