Суатпын деп мақтанба: су жаманы суат - басынан соқпақ кетпейді; қазықпын деп мақтанба: мүлік жаманы қазық - басынан тоқпақ кетпейді. Ілмектер: Суат, мақтаншақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, су, қазық, мүлік, жаман Сырым Датұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Суатпын деп мақтанба: су жаманы суат - басынан соқпақ кетпейді; қазықпын деп мақтанба: мүлік жаманы қазық - басынан тоқпақ кетпейді.
Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. — Абай Құнанбайұлы Қанағат, рақым
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. — Абай Құнанбайұлы ғылым, мақтаншақтық
Өркөкіректік мақтаннан бас тартқанның өзінде ештеңе жоғалтпай, ұпайын түгендеп отырады. — Франсуа де Ларошфуко өркөкірек, мақтаншақтық
Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан, Арамдық, өтіріктен - ерте сақтан. Күні бұрын жуытпа маңайыңа, Есер, есірік, ынжықтық - солар жақтан. — Шәкәрім Құдайбердіұлы жалқаулық, мінез
Өзін өзі мақтау адамды кемітеді. — Мигель де Сервантес мақтаншақтық
Нәпсі, өзімшілдік пен мақтан шексіз көп жаман әдеттер туғызады. — Шәкәрім Құдайбердіұлы нәпсі, өзімшілдік
Ақымақтық пен атаққұмарлық – айырылмас достар. — Пьер де Бомарше ақымақ, ақымақтық
Мақтаншақ кісі - менмен кісі, Менмендік - адамның міні. — Жүсіпбек Аймауытов мақтаншақтық, менмендік
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі