Дананы — ойынан; Батырды — сойынан; Ізгіні — ісінен; Жақсыны — түсінен; Көлгірді — көзінен; Суайтты — сөзінен. Ілмектер: дана, ой, батыр, ізгі, іс, жақсы, көз, суайт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Дананы — ойынан; Батырды — сойынан; Ізгіні — ісінен; Жақсыны — түсінен; Көлгірді — көзінен; Суайтты — сөзінен.
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. — Ғабиден Мұстафин тіл, сөз
Мен көрдiм дүние деген иттiң көтiн, Жеп жүр ғой бiреуiнiң бiреуi етiн. Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда Көбiнiң сырты - бүтiн, iшi - түтiн. — Абай Құнанбайұлы дүние, ой
Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық. — Төле би Әлібекұлы ақыл, ой
Әлеуметтік желілердегі "Кімдікі Дұрыс" ойынын ойнау адамдар арасындағы қарым-қатынасты өте төмен деңгейге түсіріп жатыр. — Нарша Булгакбаев Әлеуметтік желі, дұрыс
Өміріңнің қалған бөлігін — өз қолыңда бар нәрселерге ғана жұмса. “You have power over your mind — not outside events. Realize this, and you will find strength.” Қайдан алынған: «Өзіңе арналған толғаныстар» (Meditationes), II кітап Бұл сөйлем дәл Марк Аврелийдің Meditations кітабында кездеседі және оның негізгі стоикалық қағидаларын қысқа әрі нақты жеткізеді: біздің ішкі әлеміміз (ның ойымыз, сезімдеріміз, реакцияларымыз) біздің бақылауымызда, ал сыртқы оқиғалар біздің бақылауымыздан тыс. PS: Өмірдің бір кезеңінен кейін адам бәрін бақылап, бәрін өзгерте алмайтынын түсінеді. Сол кезде күш-қуатты бос уайымға емес, өз еркің мен таңдауыңа тәуелді істерге бағыттау — ішкі тыныштық пен саналы өмірдің кілті. — Марк Аврелий жауапкершілік, саналы таңдау
Жақсы ой мен жақсы сөз - жақсы істерге жетелейді. — Ыбырай Алтынсарин ой, сөз
Ой да көп, уайым да көп – ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ – ойнай берсең. — Мұхтар Әуезов Ой, уайым
Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман. — Нұрсұлтан Назарбаев заман, жарыс
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі