Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Өлеңдер (17) Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (11)

Жар — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "жар" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Тек өліп бара жатқанда ғана төл табиғатыңа айналған жарды өз көзіңмен көре аласың.

Ілмектер: жар, өлім, табиғат Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Өзі тамаша адамның ғашық жары да тамаша болуға тиіс.

Ілмектер: тамаша, ғашық, жар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлішер Науаи
WhatsApp Telegram

Жар басына қонбаңыз — дауыл соқса үй кетер,
Жатқа тізгін бермеңіз — жаламенен бас кетер.

Ілмектер: жар, жат Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Жар — халал жұп.

Ілмектер: жар, халал, нақыл, афоризм Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

Адамның жан жолдасы - сүйген жары.

Ілмектер: жолдас, жар, нақыл, афоризм Жанақ Сағындықұлы
WhatsApp Telegram

Асыл болса алған жар - ханым емей немене,
Жайлы болса мінезі - жаның емей немене.

Ілмектер: жар, әйел, мінез Би-шешендер
WhatsApp Telegram

Ардақталған аяулың күндердің күнінде басқаға олжа болмағай.

Ілмектер: жар, олжа Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

- Дүниеде не жетім?
- Жаңбыр жаумаған жер жетім, ата қонысынан ауған ел жетім, жарынан айырылған ер жетім..

Ілмектер: жетім, жер, ер, жар, ел, қоныс Жиренше шешен
WhatsApp Telegram

Егер сіз болашақ жарыңыздың өмірлік қағидаларын ұстана алмасаңыз, онда оған күйеуге шықпай-ақ қойыңыз.

Ілмектер: жар, қағида, күйеу Агата Кристи
WhatsApp Telegram

Үміт күткен ұлы оңбаған болып кетсе – әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе – шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз болып шықса – жігіт сорлы; қыран деп тигені жапалақ болып шықса – жар сорлы

Ілмектер: әке, шеше, жігіт, жар, сұлу, қыз Әзілхан Нұршайықов
WhatsApp Telegram

Ұят қымбат, ар қымбат,
Жаның сүйген жар қымбат.

Ілмектер: жар Қазыбек Келдібекұлы
WhatsApp Telegram