Ғашық адам белгі берер түстен де — Ол білінер көзі көзге түскенде. Ілмектер: ғашық, Көз, адам Жүсіп Баласағұни Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ғашық адам белгі берер түстен де — Ол білінер көзі көзге түскенде.
Қайратсыз ашу-тұл, Тұрлаусыз ғашық-тұл. Шәкіртсіз ғалым-тұл. — Абай Құнанбайұлы ғашық, шәкірт
Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние – ғажап, сен – есік. Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – меншік. — Әл – Фараби дүние, көз
Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман. — Әлихан Бөкейханов көңіл, соқыр
Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді. — Мұхтар Әуезов ән, күй
Құлақ екеу, ауыз біреу. Ол не үшін бұлай? Көп тыңдап, аз сөйлеуге жаратқан оны Құдай. Ауыз біреу, көз екеу – ол не үшін бұлай? Көп көріп, аз таңдануға жаратқан оны солай. Ауыз біреу, қол екеу – ол не үшін бұлай? Көп жұмысшы, аз жеуші – жаратқаны ол солай. — Ахмет Байтұрсынұлы сөйлеу, көру
Көздер сөйлей алады. Қуаныштан күле де, жылай да алады. Көздермен естен адастыруға да, жылата да аласың. Сөздермен алдауға болады, бірақ көзбен алдау мүмкін емес. Адамның көздерінде тылсым күш жатыр. — Омар Хайям көз, алдау
Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл. — Абай Құнанбайұлы махаббат, ғашық
Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім. — Ғабит Мүсірепов әйел, дүние
Хабарлама
INFO
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі