Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (3)

Бәріне ұнаймын деп ойлау бұл тұзақ, адамның өз-өзін жақсы көруге кедергі келтіретін. Ұнауға лайық деңгей-дәрежеге жетсек те, бізге шынайы бағаны бір Алла ғана бере алады. Сізді позитивті бағалайтын, қадір-қасиетіңізге жеткен адамдар қоршап алса да, оларға қатты сене бермеңіз, сынаққа тап болған кезде барлығы сатады, жалғыздық — бұл өмір заңдылығы, одан шығатын бір-ақ қана жол бар — өз-өзіңді толық өзің ғана қамтамасыз ететіндей деңгейге дейін жету, өз-өзіңе жеткілікті болу. Ешкімге тәуелді болмау. Құлдық санаға түсіп қалмау.

Ілмектер: ұнау, ой, тұзақ, адам, жақсы, лайықты, деңгей, тәуелдлік, Құлдық Сана, дәреже, шынайы, Алла, позитивті, баға, қадір-қасиет, сенім Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік.

Ілмектер: ел, тіл, қадір-қасиет Жүсіп Баласағұни

Өз тұлғаңа да, басқаның тұлғасына да қатысты адамзатқа әрқашан мақсат ретінде қара, оған ешқашан құрал ретінде қарама.

Мағыналық (философиялық) аудармасы:
«Өзіңе де, өзгеге де адам ретінде, тек мақсат деп қара; ешқашан адамды өз мүддеңе жетудің құралы ретінде пайдаланба».
Қысқаша нұсқасы:
«Адамға құрал деп емес, мақсат деп қара».

Act in such a way that you treat humanity, whether in your own person or in that of another, always as an end and never merely as a means.

Дереккөзі:
Иммануил Кант, «Мораль метафизикасының негіздемесі»
(Grundlegung zur Metaphysik der Sitten, 1785)

Ілмектер: адам құқығы, ар-ождан, этика, Адамгершілік, тұлға, мақсат, құрал, этика, Кант, императив, құндылық, қадір-қасиет, борыш Иммануил Кант