Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Ұлағатты сөздер (7)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"ұнау" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"ұнау" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "ұнау" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Бәріне ұнаймын деп ойлау бұл тұзақ, адамның өз-өзін жақсы көруге кедергі келтіретін. Ұнауға лайық деңгей-дәрежеге жетсек те, бізге шынайы бағаны бір Алла ғана бере алады. Сізді позитивті бағалайтын, қадір-қасиетіңізге жеткен адамдар қоршап алса да, оларға қатты сене бермеңіз, сынаққа тап болған кезде барлығы сатады, жалғыздық — бұл өмір заңдылығы, одан шығатын бір-ақ қана жол бар — өз-өзіңді толық өзің ғана қамтамасыз ететіндей деңгейге дейін жету, өз-өзіңе жеткілікті болу. Ешкімге тәуелді болмау. Құлдық санаға түсіп қалмау.

Ілмектер: ұнау, ой, тұзақ, адам, жақсы, лайықты, деңгей, тәуелдлік, Құлдық Сана, дәреже, шынайы, Алла, позитивті, баға, қадір-қасиет, сенім Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Өзім ұнағым келетін жəне ұнауға тырысып жүрген адамды мен жеңімпаз ретінде қабылдаймын.

Ілмектер: адам, ұнау, жеңімпаз Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

Өзімізге өзіміз ұнай алсақ, өзгелерге де ұнау мүмкіндігіміз арта түседі.

Ілмектер: ұнау, ұнату, мүмкіндік, өзіңді ұнату Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

Өзіне ешкім ұнамайтын адам, ешкімге ұнамайтын адамнан әлдеқайда бақытсыздау.

Ілмектер: адам, ұнау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко
WhatsApp Telegram

Адам өзінің аяулы қасиеттері жайында неғұрлым аз ойлап немесе аз білсе, бізге соғұрлым көп ұнайды.

Ілмектер: адам, қасиет, ойлану, ұнау Ральф Уолдо Эмерсон
WhatsApp Telegram

Әйелді қанша аз сүйсек,
Соншама жеңіл ұнаймыз.

Ілмектер: әйел, ұнау, сүю Александр Пушкин
WhatsApp Telegram

Егер маған бір кісі ұнаса, міндетті түрде онымен танысуға тырысамын.

Ілмектер: танысу, ұнау Авраам Линкольн
WhatsApp Telegram