Өлең, жыр, ақындар

Әбділдә Тәжібаев

Әбділда Тәжібаев - туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Атақты ақын Нартай келіп, Әбділданың анасы Айманкүлмен айтысқа түскен. "Сыр елі-жыр елі" атанған Сырда туып-өскен Әбділдаға іргелі ақындардың жыр додасы да өзіндік әсерін тигізсе керек.

Әбділда Тәжібаев "Күй атасы", "Ақын", "Портреттер" аталатын дастандар жазумен бірге, лирикалық поэмалардың қазақ әдебиетінде озық үлгілерін қалыптастыруға да үлкен үлес қосты. Әдебиетті зерттеумен де айналысты. Балалар тақырыбына да қалам тартты.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Не тапты қазақ Құлагерді ұрып жыққаннан.

Ілмектер: қазақ, Құлагер Әбділдә Тәжібаев

Тот басады темірді, сел шаяды жеңілді.

Ілмектер: тот, темір, сел, жеңіл Әбділдә Тәжібаев

Құяр судан бөлінсе көл тұнады,
Қайнаған өмірден бөлінсе көңіл тұнады.

Ілмектер: су, көл, өмір, көңіл Әбділдә Тәжібаев

Қадірсіздің өсегі шаң сияқты,
Бір сілкінсең қалмайтын.
Қадірлінің өсегі заң сияқты,
Жалған десең нанбайтын.

Ілмектер: өсек, заң, жалған, қадірлі, қадірсіз Әбділдә Тәжібаев

Күңгірт шамнан көрінбесе төңірек,
Жақ жарығын жүрегіңнің тезірек.

Ілмектер: шам, жүрек Әбділдә Тәжібаев

Әйелсіз үй — сусыз диірмен.

Ілмектер: әйел, үй, диірмен, су Әбділдә Тәжібаев

Айдан алқа. Жұлдыздан жүзік іздеме.

Ілмектер: ай, алқа, жұлдыз, жүзік Әбділдә Тәжібаев

Абай бастаған ұлы ақындары бар елде қыздан шыққан Фаризасы болу да қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы жарасымды көргеніме бақыттымын.


Ілмектер: абай, ақын, фариза, бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әбділдә Тәжібаев

Не тапты қазақ Құлагердi ұрып жыққаннан.

Ілмектер: қазақ, құлагер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әбділдә Тәжібаев

Мектепті сыйлағандықтан, мамандығын жан- тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек.

Ілмектер: мектеп, мұғалім, интелект, дүние Әбділдә Тәжібаев

Қарап көріңіз

Пікірлер