Әйелсіз үй — сусыз диірмен. Ілмектер: әйел, үй, диірмен, су Әбділдә Тәжібаев Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Әйелсіз үй — сусыз диірмен.
Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы. Әйелің жақсы болса, Бірінші - иманың, Екінші - жиғаның, Үшінші - ырысыңның тұрағы. — Төле би Әлібекұлы ат, жақсы
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, Тауып айтқан сөзге шын жетпейді. Өзің білмесең, білгендерден үйрен, Үйренгеннен ештеңең кетпейді. — Төле би Әлібекұлы сөз, үйрену
Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. — Мұхтар Әуезов әйел, ана
Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау. — Дінмұхамед Қонаев өмір, үйрену
Жаман еркек жар қадірін білмес, Жайсыз әйел ер қадірін білмес. Жалқау адам тер қадірін білмес, Жетесіз жігіт ел қадірін білмес. — Майқы би жаман, ер
Қайран менің өз үйім - кең сарайдай боз үйім. — Жиренше шешен сарай, афоризм
Әйел алсаң қарап ал ақылдысын, Сол болар басқалардан жақын кісің. Ағайынға, туысқа қайырылса, Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің. Ерге – аю, балаға – қасқыр болса, Ондай қатын алғанның күні құрсын. — Шал Құлекеұлы әйел, ағайын
Әйел қырыққа келгенше өңін бермесе - қасиет, Еркек қырыққа келгенше есі кірмесе - қасірет. — Ғабит Мүсірепов әйел, еркек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі