Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (8) Ұлағатты сөздер (5)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"фариза" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"фариза" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "фариза" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Фариза — өз жырын жүрегімен сезгенін, адам табиғатынан байқағанын сыршылдықпен сидырып, адамның алуан сезімдері мен сәттерін, өмір құбылыстарын өз жүрегінің дүрсілімен бере білетін ақын.

Ілмектер: Фариза, ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мәриям Хакімжанова
WhatsApp Telegram

Фариза поэзиясының басты ерекшелігі — ақын ой мен сезімнің қалыпқа көнбей, қанатынан қан сорғалап тұрса да, биікке, заңғар көкке талпынып, шарқ ұрып, азаттық атты әулие ұғымның қасиетіне табынып, әуелей самғап, жан сырын ақ күміс теңгедей ашық шаша білуінде.

Ілмектер: Фариза, поэзия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақын, ой Күләш Ахметова
WhatsApp Telegram

Абай бастаған ұлы ақындары бар елде қыздан шыққан Фаризасы болу да қазақ елі үшін керемет жарасым. Мен осы жарасымды көргеніме бақыттымын.


Ілмектер: абай, ақын, фариза, бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әбділдә Тәжібаев
WhatsApp Telegram

Фариза Оңғарсынова поэзияда да, прозада да тұяғы мұқалмаған хас дүлділ... Поэзиясы — шың. Прозасы — сол шыңды тіреп тұрған шоқылар...

Ілмектер: Фариза, поэзия, проза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шерхан Мұртаза
WhatsApp Telegram

Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, сырласы, атар оғы, берер дәрі-дауасы — поэзиясы болмақ-ты...

Ілмектер: Фариза, дос, поэзия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram