Бердібек Соқпақбаев нақыл сөздері, ой-толғамдары және автор туралы қысқаша мәлімет осы бетте берілген.
Бұл бетте автордың дәйексөздері, өмірбаяны және басқа бөлімдеріне апаратын ішкі сілтемелер бір жерде жинақталған.
Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев (15 қазан 1924, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылы - 1991, Алматы) — қазақ балалар жазушысы.
Иә, адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады екен. Тіршіліктің оны-мұны шаруа қамымен күйбеңдеп, басың қатып жүргенде, бір күні сарқылып бітіп қалғанын білмей де, байқамай да қалады екенсің!
Ілмектер: адам, өмір, су, шелек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бердібек Соқпақбаев
Еркектер зорығып өлетін ауыр жұмыстарды бұ күндері қыңқ деместен әйелдер атқарып жүр. Оның сыртында, үй тіршілігін істейді, бала өсіреді, кәрі ата, енелерін күтеді.
Ілмектер: еркек, әйел, үй, жұмыс, бала, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бердібек Соқпақбаев
Әйел затын, жалпы, нәзік деп атайды ғой. Бос сөз. Мықтының ең мықтысы, көнбістің ең көнбісі әйелдер екеніне мен кіммен де дауласуға бармын.
Ілмектер: Әйел, нәзік, Мықты, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бердібек Соқпақбаев
Ерді намыс өлтіреді деген рас сөз. Ауыр тұрмыс адамның тауын шағып, мұқатады екен.
Ілмектер: Ер, намыс, тұрмыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бердібек Соқпақбаев
Ауыздан шыққан анттың бәрі орындалса адам адам емес, баяғыда-ақ періште болған болар еді…
Ілмектер: ант, періште, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бердібек Соқпақбаев
Соғыс деген ол сұмдық! Соғыс ол апат! Соғыс адамды қор ету!
Ілмектер: Соғыс, апат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бердібек Соқпақбаев
Соғыста өлем-ау немесе жараланып, өмір бойы қор болып, кемтар болып қалам-ау деген ой онша күйзелтпейді. Өлетіндер өздерінің нашарлығынан, ебедейсіздігінен өліп жататын тәрізді.
Ілмектер: соғыс, өлім, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бердібек Соқпақбаев
Қазақ асықпай-саспай, бабымен тойлағанды ұнатады.
Ілмектер: Қазақ, той, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бердібек Соқпақбаев
Жаман әдет жұқпалы деген рас…
Ілмектер: жаман, әдет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бердібек Соқпақбаев
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі