Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (6) Өлеңдер (36) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (25) Ұлағатты сөздер (10)

Жел — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "жел" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Дауылды шөлден, аязды желден, топанды селден именбейтін еменнің панасы тек Жер-Ана!

Ілмектер: дауыл, шөл, аяз, жел, топан, сел, жер, ана Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Жел туралы желсөз емес, желдің өзі маңызды.

Ілмектер: жел Жорж Батай
WhatsApp Telegram

Жетер жерін анықтамаған кісіге жел қай жақтан соқса да бағыттас бола алмайды.

Ілмектер: мақсат, жел, бағыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сенека
WhatsApp Telegram

Егер жауың байқалмаса, босаңсыма, жел де көрiнбейдi, бiрақ шырақты өшiредi.

Ілмектер: жау, босаңсу, жел, шырақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Фридрих Ницше
WhatsApp Telegram

Кеме қай портқа баратынын бiлмесе, желi оңынан тұрмайды.

Ілмектер: кеме, порт, жел, нақыл, мақсат, афоризм, қанатты сөздер Сенека
WhatsApp Telegram

Қаруыңның барында қайрат қылмай,
Қаңғып өткен өмiрдiң бәрi де жел.

Ілмектер: қару, қайрат, өмір, жел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Сұңқар желдің ағынымен емес, желге қарсы биік ұшады.

Ілмектер: сұңқар, жел, ағын, биік, ұшу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль
WhatsApp Telegram

Жалғанда жұмақ – жазғы жел.

Ілмектер: жаз, жел, нақыл, афоризм Бернияз Күлеев
WhatsApp Telegram

Егер кеме қай портқа барарын білмесе, оған ешбір жел қуалап соқпайды.

Ілмектер: кеме, жел, мақсат Сенека
WhatsApp Telegram

Махаббаттағы айрылысу кәдімгі жел мен от сияқты. Кішкентай махаббатты өшіреді, ал үлкен махаббатты одан да қатты жандандырады.

Ілмектер: махаббат, айрылысу, жел, от Александр Куприн
WhatsApp Telegram