Жел туралы желсөз емес, желдің өзі маңызды. Ілмектер: жел Жорж Батай Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жел туралы желсөз емес, желдің өзі маңызды.
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар — Қайрат Рысқұлбеков еркек, Қазақ
Әлеуметтік желілердегі "Кімдікі Дұрыс" ойынын ойнау адамдар арасындағы қарым-қатынасты өте төмен деңгейге түсіріп жатыр. — Нарша Булгакбаев Әлеуметтік желі, дұрыс
Алаңға мен Қонаевты да, басқаны да қорғауға емес, қазақ қыздарын шашынан сүйреп, ұрып жатыр деген соң бардым. — Қайрат Рысқұлбеков тәуелсіздік, 16 желтоқсан
Қаруыңның барында қайрат қылмай, Қаңғып өткен өмiрдiң бәрi де жел. — Абай Құнанбайұлы қару, қайрат
Қазақ қыздарын шашынан сүйреп жатқанын көргенде мен шыдап тұра алмадым. Қарындасым ғой, қазақтың қызы ғой. Адам емес, аң екеш аңның еркегі ұрғашысына мүйіздісі мүйізін, тұяқтысы тұяғын көтерген емес. Оның қасында біз Адам атадан тараған адамзат деген атты алып жүрген жоқпыз ба және мен оған еш өкінбеймін. Мына оңбағаннан (Алмабековтен) кешірім сұрамаймын. Сол үшін соттаймын десеңдер соттай беріңдер. Егер осы оқиға қайталанса, мен қайтадан осыны істейтін едім, сол қарындасыма қайтадан араша түсер едім — Қайрат Рысқұлбеков Қайрат Рысқұлбеков, 16 желтоқсан
Мен алаңға бірінші елімді, жерімді басындырмаймын деп шықтым. Қылмысым сол болса, соттай беріңдер. Бүкіл жастарды, жатақханаларды көтергенім рас, сол үшін соттаймын десеңдер де соттай беріңдер. Екі мыңдай адамды алаңға алып барғаным рас. Мойындаймын. Бірақ ана Савицкийдің өліміне қатысым жоқ. Егер қатысым болса, оны да мойындайтын едім. Бір милиционер қазақ қызының шашынан сүйреп бара жатқандығын көріп жебер деген едім, жіберемеді, сонда мен оны ұрдым да қызды ажыратып алдым. Ол міне сот залында отыр. — Қайрат Рысқұлбеков Қайрат Рысқұлбеков, 16 желтоқсан
Егер кеме қай портқа барарын білмесе, оған ешбір жел қуалап соқпайды. — Сенека кеме, жел
«Желтоқсан» - тек Колбинге ғана қарсылық емес. Бұл - империялық қорлыққа, зорлыққа қарсылық. «Мен - қазақпын!» деп қасқая тұрып айта алмай, тілі байланып, аузы буылған азапқа қарсылық. — Шерхан Мұртаза желтоқсан, қорлық
Хабарлама
INFO
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі