Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (10) Өлеңдер (24) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (6) Ұлағатты сөздер (8) Әзіл, анекдоттар (1)

"арақ" туралы Ұлағатты сөздер

"арақ" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "арақ" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ей, құлқынның құлдары, тыңда ақылды,
Өсиеті дананың — біл нақылды;
Адамға тән қасиет ішсе — тынар,
Бар мәкүрік, жаман сөз тысқа шығар!

Ілмектер: өсиет, нақыл, арақ Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Есіріп отырсаңдар ішіп арақ,
Итсіңдер иесіне үрген нағыз барақ.

Ілмектер: арақ, ит Тұрмағамбет Ізтілеуұлы
WhatsApp Telegram

Арақ - ақ, бірақ мұрынды қызартып, абыройыңды қарайтады.

Ілмектер: арақ, абырой Антон Чехов
WhatsApp Telegram

Мас адамға бәрі жөн.

Ілмектер: мас, арақ Александр Пушкин
WhatsApp Telegram

Адамды бұзатын не? Тағы сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз - еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала - бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді - елу жас па, жүз бе, бәрі бір оны - аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек!

Ілмектер: адам, ақша, атақ, арақ, әйел Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

...сылқитып ішіп алған адам сыр да сақтамайды, уәдесін де орындамайды.

Ілмектер: уәде, адам, арақ, сыр Мигель де Сервантес
WhatsApp Telegram

Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.

Ілмектер: бала, арақ, у, маскүнем, ана, жақсы, жаман Әзілхан Нұршайықов
WhatsApp Telegram

Дегенмен арақтың істемейтіні жоқ, дәлірек айтсақ, істетпейтіні жоқ.

Ілмектер: арақ Қадыр Мырза Әли
WhatsApp Telegram