Арақ - ақ, бірақ мұрынды қызартып, абыройыңды қарайтады. Ілмектер: арақ, абырой Антон Чехов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Арақ - ақ, бірақ мұрынды қызартып, абыройыңды қарайтады.
Адамды бұзатын не? Тағы сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз - еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала - бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкіш кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді - елу жас па, жүз бе, бәрі бір оны - аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек! — Бауыржан Момышұлы адам, ақша
Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар, Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар. Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар, Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар. — Шал Құлекеұлы адам, өмір
Парақор биге ісің түспесін, Сараң үйге кісің түспесін. — Майқы би парақор, пара
Әрбір ер жүрек, әрбір шыншыл адам өз Отанына абырой әкеледі. — Ромен Роллан ержүрек, шыншыл
Баланың жақсысы — әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы — қайғысы, азап соры. — Василий Сухомлинский бала, жақсы
Абыройлы адам кімнің қасында тұрса да өзінің кім екенін естен шығармайды. — Бальтасар Грасиан абырой, адам
Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді. — Әзілхан Нұршайықов бала, арақ
Сараң үйге - кісің түспесін, парақор биге - ісің түспесін. — Майқы би сараң, парақор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі