Мұхтар Шаханов нақыл сөздері

Мұхтар Шаханов нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.

Мұхтар Шаханов дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.

Бала жүрегі — кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек.

Ілмектер: Бала, жүрек, Мұғалім, кілт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ұстаз Мұхтар Шаханов
WhatsApp Telegram

Амалың не, тасты соқпақ кештің бе?!
Амалың не, жанбай жатып өштің бе?!
Тек басыңды жоғары ұста өлсеңде,
Тек өзіңді мүсіркетпе ешкімге!

Ілмектер: нақыл, адам, мүсіркеу Мұхтар Шаханов
WhatsApp Telegram

Жағымпаздық бұл заманда басты өнер,
Шындық оған бола алмай жүр тас кемер.
Қазіргі бақ қайсар рухты ерді емес,
Арын сатқан жағымпазды ескерер.

Ілмектер: Шындық, адам, нақыл Мұхтар Шаханов
WhatsApp Telegram

Досын оққа қиған жанға,
Елін қию сөз боп па?
Дос көңілін ұсынғанның бәрінен,
Достық шыға бермейтінін ұмытпа!

Ілмектер: адам, нақыл, дос. Мұхтар Шаханов
WhatsApp Telegram

Көзімді алмай маздап жанған оттардан,
Саған сенем саған сенім артамын,
Қорықпаймын түсінігі жоқтардан,
Жүрегі жоқ адамдардан қорықамын.

Ілмектер: адам, сезім, нақыл Мұхтар Шаханов
WhatsApp Telegram

Бұлақ өмір сүргенімен құрақсыз,
Сезім өмір сүре алар ма мұратсыз.
Жүрегіңде ерлігі жоқ адамның,
Барлығы да махаббатқа тұрақсыз.

Ілмектер: Махаббат, адам, нақыл Мұхтар Шаханов
WhatsApp Telegram

Сөзі мен ісіне айырма салғандар – шындығын жоғалтып алғандар.

Ілмектер: сөз, шындық Мұхтар Шаханов
WhatsApp Telegram

Даңқ кiмнiң күлiп тұрса басында,
Сатқындық та бұғып жүрмек қасында

Ілмектер: даңқ, сатқындық Мұхтар Шаханов
WhatsApp Telegram