Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (11) Өлеңдер (180) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (5)

Сағыныш — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "сағыныш" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Осы күнде ешкімге ренжімеймін де, іздемеймін де, тіпті ешкімді сағынбаймын. Күйкі тірлікке көміліп, қарын тойып, ұйқы қанса одан өзге ешбір мұрат-мақсат жоқ тәрізді сиықсыз күндер. Мұндай «тыныштықтан» да жалығады екен адам... Күні кеше тағдырыма төңкеріс жасап, өміріме өзгеріс енгізгім келген. Бәрін тастап, Алматыға тартып кетіп, бақытты қолдан жасағым келді. Алайда, мен бақытсыз емес ем. Олай тәуекел ету қажет емес екенін түсіндім. Бәлкім дәм-тұзы Алматының тартпаған болар...

Ілмектер: реніш, сағыныш, мақсат, күн, тыныштық, тағдыр, өмір, бақыт, тәуекел Салтанат Айдарбекова
WhatsApp Telegram

Шын сағынып іздеген күндерімді, өтім жарылардай қызғанған мезеттерімді, өкпем ісіне ренжіген сәттерімді, жабыққанда жанымнан жанұшыра іздеген кездерімді, тіпті жанарымның жасын көлдете нақақ жас төккен шақтарды да аңсайды екен адам...

Ілмектер: сағыныш, қызғаныш, реніш, аңсау Салтанат Айдарбекова
WhatsApp Telegram

Біреуді сағыну, әлдекімді іздеу, әлдебіреуге өкпелеу... Осының бәрі керемет, иә?..

Ілмектер: сағыныш, өкпе, керемет Салтанат Айдарбекова
WhatsApp Telegram

Жүрекке шын махаббат бір-ақ рет қонады екен...
Әттең-ай, қалғаны тек соның бейнесін іздеу ғана болады екен.

Ілмектер: махаббат, сезім, сағыныш, цитата, Азамат Төре Азамат Төре
WhatsApp Telegram

Білімсіздік дегеніміз — сағыныш.

Ілмектер: білім, сағыныш Жорж Батай
WhatsApp Telegram