Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (28) Өлеңдер (25) Мақал-мәтелдер (50) Ұлағатты сөздер (12) Әзіл, анекдоттар (2)

"ағаш" туралы Әзіл, анекдоттар

"ағаш" туралы қазақша әзілдер мен анекдоттар жинағы. Мұнда "ағаш" ілмегіне қатысты қызықты әзілдер мен күлкілі оқиғалар ұсынылған.

Екі жігіт әңгімесінен:
— Білесің бе, ер жігіттің бірінші — ұлы болу керек, екіншіден — үй салу керек, үшіншіден — ағаш отырғызу керек. Сен болсаң, әлі жүрсің.
— Жоғары жақтан көмек болмай тұр.
— Қалайша, қазір Үкімет балалы болғандарға қаржылай қолдау көрсетеді, үй салам дегендерге несие береді дегендей...
— Оны білем, бірақ ондағылар ағаш отырғызғысы келгендерге ешқандай көмек бермейді ғой...

Ілмектер: жігіт, ағаш, үй
WhatsApp Telegram

Қожанасыр жолда келе жатып жаңғақ ағашының астына көлеңкелеп отырады. Ағаштың маңында асқабақ бақшасы бар еді. Қожа: «Мына табиғаттың қызығын-ай асқабақтың сабағы кіп-кішкентай бірақ жемісі менің қапшығымдай үп-үлкен. Ал мына діңгегі қалың еңгезердей ағаштың жемісі болса есектің көзінен де кіп-кішкентай» деп іштей ойлайды. Ол осылай ойлап отырғанында басына тарс етіп бір жаңғақ түседі. Шекесі қызарып қалған қожа жаңғаққа бір, асқабаққа бір қарап: «Тәубә, сөзімді кері алдым. Астында отырған мына ағаш асқабақ ағашы болғанда қайтер едім» деген екен.

Ілмектер: Қожанасыр, ағаш, асқабақ, жаңғақ
WhatsApp Telegram