Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"үй" туралы қазақша әзілдер мен анекдоттар жинағы. Мұнда "үй" ілмегіне қатысты қызықты әзілдер мен күлкілі оқиғалар ұсынылған.
Екі жігіт әңгімесінен:
Ілмектер: жігіт, ағаш, үй
— Білесің бе, ер жігіттің бірінші — ұлы болу керек, екіншіден — үй салу керек, үшіншіден — ағаш отырғызу керек. Сен болсаң, әлі жүрсің.
— Жоғары жақтан көмек болмай тұр.
— Қалайша, қазір Үкімет балалы болғандарға қаржылай қолдау көрсетеді, үй салам дегендерге несие береді дегендей...
— Оны білем, бірақ ондағылар ағаш отырғызғысы келгендерге ешқандай көмек бермейді ғой...
Екі жігіттің әңгімесі:
Ілмектер: жігіт, құрылыс, үй
— Сен құрылыста жұмыс істепсің ғой.
— Иә.
— Онда қандай маман болдың?
— Бәрін істейтінмін... Кірпіш тасыдым, цемент тасыдым, құм тасыдым.
— Ол жерден неге шығып кеттің?
— Үйімді салып болдым ғой.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі