Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (19) Ұлағатты сөздер (1) Әзіл, анекдоттар (2)

"құрылыс" туралы Әзіл, анекдоттар

"құрылыс" туралы қазақша әзілдер мен анекдоттар жинағы. Мұнда "құрылыс" ілмегіне қатысты қызықты әзілдер мен күлкілі оқиғалар ұсынылған.

Екі жігіттің әңгімесі:
— Сен құрылыста жұмыс істепсің ғой.
— Иә.
— Онда қандай маман болдың?
— Бәрін істейтінмін... Кірпіш тасыдым, цемент тасыдым, құм тасыдым.
— Ол жерден неге шығып кеттің?
— Үйімді салып болдым ғой.

Ілмектер: жігіт, құрылыс, үй
WhatsApp Telegram

Сапасыз тұрғызылып құлаған тұрғын үйдің мән-жайын, құлау себебі мен кінәліні анықтау үшін сот құрылады. Әдеттегідей кінәліні табу қиынға соғады. Содан сотқа бірінші кірпіш шақырылып, сұраққа алынады: «Сен кінәлісің, сен сапасыз болғандықтан үй құлады» дейді. Кірпіш: «Жоқ, мен кінәлі емеспін, мен өз қызметімді дұрыс атқардым, құмнан немесе цементтен сұраңыз бәлкім солар кінәлі шығар» дейді. Сонан соң құм сұраққа алынады: «Сен кінәлісің, сенің кесіріңнен үй құлап қалды» делінеді. Құм: «Жоқ, мен кінәлі емеспін, мен де өз қызметімді аздап болса да атқардым, сіз цементтен сұраңыз мән-жайды» дейді. Кейін цементті шақыртып, сұраққа алады: «Үйдің құлағанына сен кінәлі екенсің, мойында» дейді. Сонда цемент: «Жоқ, мен кінәлі емеспін, менің қатысым жоқ, мен ол жерде мүлдем болған емеспін» деген екен.

Ілмектер: тұрғын үй, Сот, цемент, құрылыс
WhatsApp Telegram