Сапасыз тұрғызылып құлаған тұрғын үйдің мән-жайын, құлау себебі мен кінәліні анықтау үшін сот құрылады. Әдеттегідей кінәліні табу қиынға соғады. Содан сотқа бірінші кірпіш шақырылып, сұраққа алынады: «Сен кінәлісің, сен сапасыз болғандықтан үй құлады» дейді. Кірпіш: «Жоқ, мен кінәлі емеспін, мен өз қызметімді дұрыс атқардым, құмнан немесе цементтен сұраңыз бәлкім солар кінәлі шығар» дейді. Сонан соң құм сұраққа алынады: «Сен кінәлісің, сенің кесіріңнен үй құлап қалды» делінеді. Құм: «Жоқ, мен кінәлі емеспін, мен де өз қызметімді аздап болса да атқардым, сіз цементтен сұраңыз мән-жайды» дейді. Кейін цементті шақыртып, сұраққа алады: «Үйдің құлағанына сен кінәлі екенсің, мойында» дейді. Сонда цемент: «Жоқ, мен кінәлі емеспін, менің қатысым жоқ, мен ол жерде мүлдем болған емеспін» деген екен.
Ілмектер: тұрғын үй, Сот, цемент, құрылыс
- Кеше тойға барған едік. Той той болмады. Тым-тырыс өтті. - Неге? - Тойханада тегін Wi-Fi бар екен))
Толық оқу (пікір жазу)
Дәрiгер, 1 апта болды түсiме футбол ойнап жүрген тышқандар кiредi. - Мiне, мына дәрiнi iшсеңiз бәрi дұрыс болады. - Ертең iшсем бола ма?...
Толық оқу (пікір жазу)
Қоян ақша жинап мотоцикл алыпты. Мотоцикліне мініп алып көшеде келе жатса, аю тоқтатып қасына отырып алыпты. Бір уақытта қоян аюға: - Аю к...
Толық оқу (пікір жазу)
Ахмед
ай , ха-ха-ха
Асель
Қызық емес