Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (40) Өлеңдер (9) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (34) Ұлағатты сөздер (59) Әзіл, анекдоттар (3)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"ақша" тақырыбына байланысты Әзіл, анекдоттар

"ақша" тақырыбына байланысты қазақша әзілдер мен анекдоттар жинағы. Мұнда "ақша" ілмегіне қатысты қызықты әзілдер мен күлкілі оқиғалар ұсынылған.

Баласы әкесінен:
— Әке, ақша деген немене?
— Ақша деген — қымбат көлік, зәулім сарай, кофе және сұлу қыздар!
— Ал ақша жоқ болса, не болады?
— Ақша жоқ дегеніміз — автобус, жатақхана, қара шай және сенің шешең...

Ілмектер: ақша, бала, әке
WhatsApp Telegram

- Білмеймін неге екенін, баламыздан көптен бері хабар болмай кетті.
- Демек ақшасы жеткілікті болғаны ғой.

Ілмектер: cтудент, ақша, хабар
WhatsApp Telegram

Қожанасыр бір мейрамхананың алдына тауарларын жайып қойып сауда жасап жатқанында, мейрамхананың иесі Қожанасырға:
- Қожеке, әр күні мейрамхананың алдында тамақтардың иісінен пайдаланасыз, мұның ақшасын төлеуіңіз керек!- дейді.
- Тамақтың иісіне де ақша төлене ме?
- Иә, менің тек қана палау мен мантыларыма ғана емес, олардың иістеріне де ақша төлейсіз, әйтпесе қазыға барып сөйлесеміз.
Екеуі бірге қазыға барады. Қазы:
- Ал Қожеке, бұған не айтасыз?-дейді.
- Дұрыс, депті Қожа. Тамақтардың иісінен аузымның суы құритыны рас, бірақ әр күні санаған ақшамның дауысын естіген бұл кісінің ойына ақша келетіні де рас. Ендеше тамақтың иісіне ақшаның дауысымен төлеп, бұл есепті жабайық...

Ілмектер: Қожанасыр, ақша
WhatsApp Telegram