Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (112) Өлеңдер (198) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (44) Ұлағатты сөздер (30) Әзіл, анекдоттар (7)

"әке" туралы Әзіл, анекдоттар

"әке" туралы қазақша әзілдер мен анекдоттар жинағы. Мұнда "әке" ілмегіне қатысты қызықты әзілдер мен күлкілі оқиғалар ұсынылған.

Әкесі жігіт болып қалған баласына қатты ұрсып жатыр:
— Апыр-ай, бір күннің ішінде, бар болғаны бір күннің ішінде осыншама ақымақтық жасағаныңа таңым бар...
Баласы:
— Несіне таңданасыз? Мен өте ерте тұрамын ғой...

Ілмектер: әке, жігіт
WhatsApp Telegram

Баласы әкесінен:
— Әке, ақша деген немене?
— Ақша деген — қымбат көлік, зәулім сарай, кофе және сұлу қыздар!
— Ал ақша жоқ болса, не болады?
— Ақша жоқ дегеніміз — автобус, жатақхана, қара шай және сенің шешең...

Ілмектер: ақша, бала, әке
WhatsApp Telegram

Баласы мен анасы:
— Шеше, неге әкеміздің басында шашы өте аз?
— Себебі ол көп ойлайтын ақылды адам.
— А-а! Ал сенің шашың неге көп?
— Көп сөйлемей тамағыңды іш!

Ілмектер: шаша, ақыл, ана, бала, әке
WhatsApp Telegram

Әкеден естіген ақылым күнделік жаз, сосын ол күнделігің 20-30 жылда әсемделіп, көркемделіп, сенің жеке өмірлік кітабың болады. Мен оған «оны онсызда екі иықтағы періштелер жазуда ғой» мен несіне әуре боламын дедім.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, әке, ақыл, күнделік, кітап, періште, жазу
WhatsApp Telegram

Ағарған шаш
Баласы қайта қайта бұзықтық жасап, мектепке шақырылған әкесі баласына қарап:
- Сен есейіп қалдың, енді ақылды бол балам! Сен еркелігіңді көрсетіп, бұзықтық жасаған сайын шашым ағаруда. Әкеңе жаның ашыса, енді гәрі ақымақ болма балам, жарай ма?! - дейді. Сонда баласы:
- Бәсе, неге атамның шашы аппақ десем, атама жаныңыз ашымаған екен ғой, - деген екен.

Ілмектер: Ағарған шаш, шаш, Мектеп, бала, әке, ата
WhatsApp Telegram

- Әке, сіз маған түсімде кішкентай шоколад сатып алып беріпсіз.
- Балам, бұзықшылық жасамай, тәрбиелі болсаң, түсіңде үлкен шоколад та сатып алып беремін.

Ілмектер: әке, бала, түс
WhatsApp Telegram