Баласы мен анасы: — Шеше, неге әкеміздің басында шашы өте аз? — Себебі ол көп ойлайтын ақылды адам. — А-а! Ал сенің шашың неге көп? — Көп сөйлемей тамағыңды іш! Ілмектер: шаша, ақыл, ана, бала, әке Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Баласы мен анасы: — Шеше, неге әкеміздің басында шашы өте аз? — Себебі ол көп ойлайтын ақылды адам. — А-а! Ал сенің шашың неге көп? — Көп сөйлемей тамағыңды іш!
Профессор Дәрісханада бақылау жұмысы өтіп жатады. Кезекті бір студент жұмысын тапсырғалы тұрғанда оның қобалжып, абыржыған түрін көрген профессор: «Сіз неге соншама абыржып тұрсыз? Менің сұрақтарымнан қорқасыз ба?» - деп сұраса, студент: «Жоқ, мен өзімнің жауаптарымнан қорқып тұрмын», - депті. Профессор, студент
Әкеден естіген ақылым күнделік жаз, сосын ол күнделігің 20-30 жылда әсемделіп, көркемделіп, сенің жеке өмірлік кітабың болады. Мен оған «оны онсызда екі иықтағы періштелер жазуда ғой» мен несіне әуре боламын дедім. Нарша Булгакбаев, әке
Төсек тартып жатқан төреші өлер алдында патшаны шақырып: - Мен енді өлейін деп жатырмын. Төрешілікті саған тастап кетіп барамын. - Мен қалайша дауларды шеше аламын? - Еш уайымдама. Егер алдыңа ақылды адам мен тентек келсе, әуелі ақылдыны тыңда, сосын шешімін соған қарап бер. Егер екі тентек келсе, мәселесін сот төрағалары-ақ шешіп тастайды. - Жарайды. Егер екі ақылды келсе ше? - Өй, болмайтын әңгіме ғой. Қырық жылдан бері төреші болып, екі ақылдының келгенін көрмеппін. патша, тентек
Бір тойда асаба былай деген екен: Құрметті той қонақтары, алдарыңызға ас қойдық, екі қолды бос қойдық. Алдарыңыздағы асты кезінде ата-бабаларымыз немісті қалай қырса солай жапыра жеп отырыңыздар! Содан той бітеді. Бір кемпір қолында тырсыйған екі көк пакет шығып бара жатыр дейді. Асаба: - Әже,мынауыңыз не? Кемпір: - Е, қарағым, бұлар пленге түскен немістер ғой-депті )) асаба, әже
«Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген мақалды қалай түсінуге болады? - Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен ұрады. Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады. қойшы, келін
Асықпаған арбамен қоян алар, Еріккен тырнағын бояп алар асықпа өлеңі
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде: - Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып: - Же, шапаным, же! - деп, отыра береді. Үй иесі: - Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді. Сонда Қожа: - Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді. Қожанасыр, шапан
Бір күні қазақ,орыс, өзбек келе жатып бір байға кезігеді. Бай оларга кімде кім менің койымды мәәә дегизсе соған бар байлығымды берем депти. Сомен орыс пен өзбек мәәә дегізе алмай койыпты, ал қазақ барып койдың котіне ине тығып алады сол кезде кой мәәә дейді екен, бай тағы енди қойымды ыыі дегізіп беріңдер депті. Орыс пен өзбектен ештеңе шықпайды қазақ барып кешегідей артыңа ине тығып алайын ба дегенде қой ыыі депті, сөйтіп бар байлық қазаққа калады қазақ туралы анекдот, қазақ өзбек орыс
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі