Әкесі жігіт болып қалған баласына қатты ұрсып жатыр: — Апыр-ай, бір күннің ішінде, бар болғаны бір күннің ішінде осыншама ақымақтық жасағаныңа таңым бар... Баласы: — Несіне таңданасыз? Мен өте ерте тұрамын ғой... Ілмектер: әке, жігіт Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Әкесі жігіт болып қалған баласына қатты ұрсып жатыр: — Апыр-ай, бір күннің ішінде, бар болғаны бір күннің ішінде осыншама ақымақтық жасағаныңа таңым бар... Баласы: — Несіне таңданасыз? Мен өте ерте тұрамын ғой...
Ағарған шаш Баласы қайта қайта бұзықтық жасап, мектепке шақырылған әкесі баласына қарап: - Сен есейіп қалдың, енді ақылды бол балам! Сен еркелігіңді көрсетіп, бұзықтық жасаған сайын шашым ағаруда. Әкеңе жаның ашыса, енді гәрі ақымақ болма балам, жарай ма?! - дейді. Сонда баласы: - Бәсе, неге атамның шашы аппақ десем, атама жаныңыз ашымаған екен ғой, - деген екен. Ағарған шаш, шаш
Аулада ойнап жүрген балалар бір-біріне әкелерінің өте жылдам екенін айтып мақтанып отырады. Біреуі: «Менің әкем садақ атса, нысанаға ұшқан жебеден бұрын жетіп барады» дейді. Екінші бала: «Сол да сөз боп па? Менің әкем тапанша атып, оқтан бұрын нысанаға жете алады» дейді. Сонда үшіншісі: «Ал менің әкем жұмыс уақыты 5-те біткенімен сағат 3-те үйде отырады»,- деген екен. әкелер, балалар
- Әке, сіз маған түсімде кішкентай шоколад сатып алып беріпсіз. - Балам, бұзықшылық жасамай, тәрбиелі болсаң, түсіңде үлкен шоколад та сатып алып беремін. әке, бала
Баласы мен әкесі: - Балам, өскенде кім болғың келеді? - Аяз ата! - Негеее? - О, күшті ғой қайта! Бір-ақ күн жұмыс істейсің да, 1 жыл бойы демаласың!!! Баласы мен әкесі, жұмыс
Жігіт кішкентай баланың кәмпит жеп отырғанына қарап отыр. Бала оншақты кәмпит жегеннен кейін, жігіт шыдамай: -Балам, көп кәмпит жеудің денсаулыққа зиян екенін білетін шығарсың? Кішкентай бала: -Ал, менің атам 105-ке дейін өмір сүріпті. -Ол да көп кәмпит жеген бә? -Жоқ, ол біреудің ісіне араласпайтын...) бала, жігіт
Медициналық тексеру кезінде жас жігіт әскерге жарамсыз болу мақсатымен көз дәрігеріне кіреді. Дәрігер тақтайшадағы әріптерді көрсетіп сұрайды: - Мынау қандай әріп? - Қай әріп? - Мына тақтайшадағы әріптерді айтып тұрмын, көрмей тұрсың ба? - Қандай тақтайша? - Міне мына қабырғадағы ілулі тақтайша. - Ол жерде қабырға бар ма не? Ақыры әскерге жарамсыз болып шығады. Сол күні кешке әлгі жігіт кинотеатрға барады. Кино бітіп жарықтардың қосылуымен жанына қараса, күндіз өзінің әлгі қабылдауында болған дәрігерді көріп қалмай ма?! Дәрігер де оны танып қояды. Дәрігер енді сөйлей бастағанда, жігіт бірінші болып дәрігерден сұрайды: - Кешіресіз ағай, қателесіп мінбеген сияқты едім ғой, бұл Айнабұлаққа баратын автобус емес па? тексеру, жігіт
Бір жігіт пен қыз қыдырып жүрсе керек. Бір кезде қыз: - Мен тоңып қалдым, -депті. Жігіт костюмін шешіп береді. Біраздан соң қыз: - Тағы да тоңып барамын,-дейді. Жігіт дереу көйлегін шешіп береді. Тағы біраздан соң қыз: - Білесің бе, бала кезімде өстіп тоңып қалсам, әкем құшағына алып жылытатын еді, -депті. Сонда жігіт: - Енді түн жарымында мен саған әкеңді қайдан табамын, -деген екен. қыз, жігіт
Бір жігіт үйленіпті. Тауға шығып, бар дауысымен айқайлап: - Мен үйлендім! -дауыс қайталанбапты (эхо жоқ) - Мен Үйлендім! -дауыс қайталанбапты (эхо жоқ) Мен үйлендім! - Бекер істегенсің! Бекер істегенсің! Бекер істегенсің! Жігіт, үйлену
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі