Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (89) Өлеңдер (171) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (114) Ұлағатты сөздер (47) Әзіл, анекдоттар (6)

"қыз" туралы Әзіл, анекдоттар

"қыз" туралы қазақша әзілдер мен анекдоттар жинағы. Мұнда "қыз" ілмегіне қатысты қызықты әзілдер мен күлкілі оқиғалар ұсынылған.

Бастықтың қабылдауында:
— Мен жазды сондай жек көремін. Күн ысып, терлей бересің, шөлдей бересің....
— Қорықпа, еңбек демалысына сені қыста бірақ жібереміз.

Ілмектер: бастық, жаз, қыз, демалыс
WhatsApp Telegram

Апа, неге осы қазақтың келіндері орамалсыз жүрмеуі керек?
– Е, жарығым! Əйел орамал тақпаса – арын ұмытады. Күйеуінің барын ұмытады! Шашы – тамаққа түседі, өзіне келген қонақтың назары түседі.
– Ал, сəлем салмаса ше?
– Сəлем салмаса – өзін сыйлайтын қайын ата, қайын ағадан айырылады, тегін батадан қайырылады!
– Келін міндетті түрде униформа (халат, ұзын көйлек, орамал) киіп, келін боп шауып жүруі керек пе?
– Қыз қалыптан əйел болуға көндіретін ол – сəлемі, жат жұрттың алдындағы əдебі! Қыз күнін қиып, қыдыруын тиған – қатын болады! Қатын болған адам – қазанға, отқа жақын болады. Құрсағын кеңітіп, бала тапқан – кең болады! Алпыс екі тамырын иіткен ана болады! Басқа салғаннан ой түйіп, тағдырына бас игенге құдай өзі пана болады! Үлкеннен көргенін бойына сіңіріп, өзі де сол əулетке сіңген келін – дана болады!
– Ой, қазір жастарды емес үлкендерді тəрбиелеу керек сияқты ғой!
– Бүркіт көзіне көрінгенді алмайды, көңілдегісін алады. Ақылды атаның баласы ерегіспей, тектілігіне салады. Көргеніңе көз жұм да, көңілдегіңді істе!
– Бəрін бір келін байғұсқа жүктейді қазақ!
– Е, балам! Жақсы келін ата-енесін бағады. Ата-анасы ұнатқанды – отағасы жылатпайды! Кемінде алты бала тапқанның не айтса да сөзінің құнары болады, қамықса – қарайтын “шырағы” болады. Аз бала тапқанның тыпыршып айтар “ұраны” болады. Көп баласы бардың – шөлдетпейтін бұлағы болады. Əйел – келін болмаса, керім болмайды. Ана болмаса, ене болмайды. Ене бола алмаса – əдепті келіні жəне болмайды!
– Бəрі əйелге байланысты емес қой. Ер азамат та жəрдем беруі қажет!
– Дұрыс! Азамат таппаса – ақшада береке болмайды! Дүние тапқанмен, баққаны көше болса – екі дүниеде сорлайды! Еркегі үйіне қонбайтын үйдің – қызы етегін жаппайды, еркіндік сақтайды. Қылық сақтап, қымсынбайды. Айналасын жинайын деп ұмсынбайды! Ұлы – ұсақтау, бəдік болады, қатындардың тірлігіне қанық болады! Əйелі ашынып жүреді, бір ысып, бір суып, басылып жүреді. Көршімен əңгімешіл боп, үйі бықсып, шашылып жүреді. Ондай əйелден – əдеп сақтар жар, салиқалы ана шықпайды.
Еркекті ерітетін де – əйел, жерітетін де – əйел! Беделін биік қып, абыройын кемітетін де – əйел! Əйел жұмсақ болмаса – ер далаға қашады. Далада жүріп көп былыққа араласады. Араласқан соң – тапа тал түсте сөз таппай сасады, əрнəрсені сылтау ғып, өтірік ғайбат шашады. Əйелі жақсының ағайыны айналасында жүреді. Ұрпағы ізетті болады.

Ілмектер: анекдот, адамның өмірі туралы, келін, қыз
WhatsApp Telegram

Бір жігіт қызға сүйетіндігін білдіріпті.
- Мен сені Ләйлі мен Жібектен бетер сүйем.
- О, арам-ай. Менен де бұрын қыздарың болған екен ғой.

Ілмектер: жігіт, қыз, Ләйлі, Жібек
WhatsApp Telegram

Facebook-та танысқан қыз бен жігіт кездесіпті.
Қыз:
- Не болды, әншейінде facebook-та ауызың жабылмай отыратын едің ғой, қазір неге үндемей қалдың? - десе, жігіт:
- Сен қазір өзіңді facebook-тағы түріңмен келіп тұрмын деп ойлап тұрсың ба? - депті.

Ілмектер: facebook, қыз, жігіт, түр
WhatsApp Telegram

5 жасар ұл мен қыз баланың әңгімесі:
Қыз жылап:
- Менің құлағымды тесейін деп жатыр, - десе, ұл:
- Сенікі ештеңе емес қой, менікін кесейін деп жатыр, - депті.

Ілмектер: қыз, ұл, әңгіме
WhatsApp Telegram

Бір жігіт пен қыз қыдырып жүрсе керек. Бір кезде қыз:
- Мен тоңып қалдым, -депті. Жігіт костюмін шешіп береді.
Біраздан соң қыз:
- Тағы да тоңып барамын,-дейді. Жігіт дереу көйлегін шешіп береді. Тағы біраздан соң қыз:
- Білесің бе, бала кезімде өстіп тоңып қалсам, әкем құшағына алып жылытатын еді, -депті. Сонда жігіт:
- Енді түн жарымында мен саған әкеңді қайдан табамын, -деген екен.

Ілмектер: қыз, жігіт
WhatsApp Telegram