Бір жігіт қызға сүйетіндігін білдіріпті. - Мен сені Ләйлі мен Жібектен бетер сүйем. - О, арам-ай. Менен де бұрын қыздарың болған екен ғой. Ілмектер: жігіт, қыз, Ләйлі, Жібек Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Бір жігіт қызға сүйетіндігін білдіріпті. - Мен сені Ләйлі мен Жібектен бетер сүйем. - О, арам-ай. Менен де бұрын қыздарың болған екен ғой.
Апа, неге осы қазақтың келіндері орамалсыз жүрмеуі керек? – Е, жарығым! Əйел орамал тақпаса – арын ұмытады. Күйеуінің барын ұмытады! Шашы – тамаққа түседі, өзіне келген қонақтың назары түседі. – Ал, сəлем салмаса ше? – Сəлем салмаса – өзін сыйлайтын қайын ата, қайын ағадан айырылады, тегін батадан қайырылады! – Келін міндетті түрде униформа (халат, ұзын көйлек, орамал) киіп, келін боп шауып жүруі керек пе? – Қыз қалыптан əйел болуға көндіретін ол – сəлемі, жат жұрттың алдындағы əдебі! Қыз күнін қиып, қыдыруын тиған – қатын болады! Қатын болған адам – қазанға, отқа жақын болады. Құрсағын кеңітіп, бала тапқан – кең болады! Алпыс екі тамырын иіткен ана болады! Басқа салғаннан ой түйіп, тағдырына бас игенге құдай өзі пана болады! Үлкеннен көргенін бойына сіңіріп, өзі де сол əулетке сіңген келін – дана болады! – Ой, қазір жастарды емес үлкендерді тəрбиелеу керек сияқты ғой! – Бүркіт көзіне көрінгенді алмайды, көңілдегісін алады. Ақылды атаның баласы ерегіспей, тектілігіне салады. Көргеніңе көз жұм да, көңілдегіңді істе! – Бəрін бір келін байғұсқа жүктейді қазақ! – Е, балам! Жақсы келін ата-енесін бағады. Ата-анасы ұнатқанды – отағасы жылатпайды! Кемінде алты бала тапқанның не айтса да сөзінің құнары болады, қамықса – қарайтын “шырағы” болады. Аз бала тапқанның тыпыршып айтар “ұраны” болады. Көп баласы бардың – шөлдетпейтін бұлағы болады. Əйел – келін болмаса, керім болмайды. Ана болмаса, ене болмайды. Ене бола алмаса – əдепті келіні жəне болмайды! – Бəрі əйелге байланысты емес қой. Ер азамат та жəрдем беруі қажет! – Дұрыс! Азамат таппаса – ақшада береке болмайды! Дүние тапқанмен, баққаны көше болса – екі дүниеде сорлайды! Еркегі үйіне қонбайтын үйдің – қызы етегін жаппайды, еркіндік сақтайды. Қылық сақтап, қымсынбайды. Айналасын жинайын деп ұмсынбайды! Ұлы – ұсақтау, бəдік болады, қатындардың тірлігіне қанық болады! Əйелі ашынып жүреді, бір ысып, бір суып, басылып жүреді. Көршімен əңгімешіл боп, үйі бықсып, шашылып жүреді. Ондай əйелден – əдеп сақтар жар, салиқалы ана шықпайды. Еркекті ерітетін де – əйел, жерітетін де – əйел! Беделін биік қып, абыройын кемітетін де – əйел! Əйел жұмсақ болмаса – ер далаға қашады. Далада жүріп көп былыққа араласады. Араласқан соң – тапа тал түсте сөз таппай сасады, əрнəрсені сылтау ғып, өтірік ғайбат шашады. Əйелі жақсының ағайыны айналасында жүреді. Ұрпағы ізетті болады. анекдот, адамның өмірі
Жігіт кішкентай баланың кәмпит жеп отырғанына қарап отыр. Бала оншақты кәмпит жегеннен кейін, жігіт шыдамай: -Балам, көп кәмпит жеудің денсаулыққа зиян екенін білетін шығарсың? Кішкентай бала: -Ал, менің атам 105-ке дейін өмір сүріпті. -Ол да көп кәмпит жеген бә? -Жоқ, ол біреудің ісіне араласпайтын...) бала, жігіт
Медициналық тексеру кезінде жас жігіт әскерге жарамсыз болу мақсатымен көз дәрігеріне кіреді. Дәрігер тақтайшадағы әріптерді көрсетіп сұрайды: - Мынау қандай әріп? - Қай әріп? - Мына тақтайшадағы әріптерді айтып тұрмын, көрмей тұрсың ба? - Қандай тақтайша? - Міне мына қабырғадағы ілулі тақтайша. - Ол жерде қабырға бар ма не? Ақыры әскерге жарамсыз болып шығады. Сол күні кешке әлгі жігіт кинотеатрға барады. Кино бітіп жарықтардың қосылуымен жанына қараса, күндіз өзінің әлгі қабылдауында болған дәрігерді көріп қалмай ма?! Дәрігер де оны танып қояды. Дәрігер енді сөйлей бастағанда, жігіт бірінші болып дәрігерден сұрайды: - Кешіресіз ағай, қателесіп мінбеген сияқты едім ғой, бұл Айнабұлаққа баратын автобус емес па? тексеру, жігіт
Жаттығудан шыққан жігіт, қызымен көшеде серуендеп келе жатады. Ал олардың жанына Мерседес автокөлігі келіп тоқтайды. Сол сәтте қыз: "Кешір жаным. Мен мына көліктегі жігітпен кетемін. Себебі ол - бай жігіт. Ал сен жай ғана спортшысың. Сау бол" - деп көлікке мінеді. Сонда көліктегі жігіт қызға былай дейді: "Кешірерсіз ханым. Мен бұл жерге сіз үшін тоқтаған жоқпын. Мен сіздің қасыңыздағы жігіттің "Көлік жүргізушісі" едім. Сол жігіт мінгесін мінерсіз, ал енді түсіңіз" деп түсіріп тастайды... Тәрбие, қыздар
Бір жігіт пен қыз қыдырып жүрсе керек. Бір кезде қыз: - Мен тоңып қалдым, -депті. Жігіт костюмін шешіп береді. Біраздан соң қыз: - Тағы да тоңып барамын,-дейді. Жігіт дереу көйлегін шешіп береді. Тағы біраздан соң қыз: - Білесің бе, бала кезімде өстіп тоңып қалсам, әкем құшағына алып жылытатын еді, -депті. Сонда жігіт: - Енді түн жарымында мен саған әкеңді қайдан табамын, -деген екен. қыз, жігіт
Бір жігіт үйленіпті. Тауға шығып, бар дауысымен айқайлап: - Мен үйлендім! -дауыс қайталанбапты (эхо жоқ) - Мен Үйлендім! -дауыс қайталанбапты (эхо жоқ) Мен үйлендім! - Бекер істегенсің! Бекер істегенсің! Бекер істегенсің! Жігіт, үйлену
Facebook-та танысқан қыз бен жігіт кездесіпті. Қыз: - Не болды, әншейінде facebook-та ауызың жабылмай отыратын едің ғой, қазір неге үндемей қалдың? - десе, жігіт: - Сен қазір өзіңді facebook-тағы түріңмен келіп тұрмын деп ойлап тұрсың ба? - депті. facebook, қыз
Такси тоқтатқан жігіт: – Вокзалға дейін қанша аласыз? – Екі мың теңге. – Ал мына жүктеріме қанша төлеймін? – Багаж тегін ғой бізде. – Онда жүгімді ала кетіңіз! Мен артыңыздан трамваймен жетемін. такси, жігіт
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі