Өлеңдер Бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (15) Өлеңдер (38) Мақал-мәтелдер (195) Ұлағатты сөздер (41) Әзіл, анекдоттар (7)

Бір жігіт пен қыз қыдырып жүрсе керек. Бір кезде қыз:
- Мен тоңып қалдым, -депті. Жігіт костюмін шешіп береді.
Біраздан соң қыз:
- Тағы да тоңып барамын,-дейді. Жігіт дереу көйлегін шешіп береді. Тағы біраздан соң қыз:
- Білесің бе, бала кезімде өстіп тоңып қалсам, әкем құшағына алып жылытатын еді, -депті. Сонда жігіт:
- Енді түн жарымында мен саған әкеңді қайдан табамын, -деген екен.

Ілмектер: қыз, жігіт

Facebook-та танысқан қыз бен жігіт кездесіпті.
Қыз:
- Не болды, әншейінде facebook-та ауызың жабылмай отыратын едің ғой, қазір неге үндемей қалдың? - десе, жігіт:
- Сен қазір өзіңді facebook-тағы түріңмен келіп тұрмын деп ойлап тұрсың ба? - депті.

Ілмектер: facebook, қыз, жігіт, түр

Жігіт кішкентай баланың кәмпит жеп отырғанына қарап отыр. Бала оншақты кәмпит жегеннен кейін, жігіт шыдамай:
-Балам, көп кәмпит жеудің денсаулыққа зиян екенін білетін шығарсың?
Кішкентай бала:
-Ал, менің атам 105-ке дейін өмір сүріпті.
-Ол да көп кәмпит жеген бә?
-Жоқ, ол біреудің ісіне араласпайтын...)

Ілмектер: бала, жігіт, денсаулық, ұзақ өмір

Такси тоқтатқан жігіт:
– Вокзалға дейін қанша аласыз?
– Екі мың теңге.
– Ал мына жүктеріме қанша төлеймін?
– Багаж тегін ғой бізде.
– Онда жүгімді ала кетіңіз! Мен артыңыздан трамваймен жетемін.

Ілмектер: такси, жігіт, вокзал, жүк

Бір жігіт қызға сүйетіндігін білдіріпті.
- Мен сені Ләйлі мен Жібектен бетер сүйем.
- О, арам-ай. Менен де бұрын қыздарың болған екен ғой.

Ілмектер: жігіт, қыз, Ләйлі, Жібек

Бір жігіт үйленіпті. Тауға шығып, бар дауысымен айқайлап:
- Мен үйлендім!
-дауыс қайталанбапты (эхо жоқ)
- Мен Үйлендім!
-дауыс қайталанбапты (эхо жоқ)
Мен үйлендім!
- Бекер істегенсің! Бекер істегенсің! Бекер істегенсің!

Ілмектер: Жігіт, үйлену, эхо

Медициналық тексеру кезінде жас жігіт әскерге жарамсыз болу мақсатымен көз дәрігеріне кіреді. Дәрігер тақтайшадағы әріптерді көрсетіп сұрайды:
- Мынау қандай әріп?
- Қай әріп?
- Мына тақтайшадағы әріптерді айтып тұрмын, көрмей тұрсың ба?
- Қандай тақтайша?
- Міне мына қабырғадағы ілулі тақтайша.
- Ол жерде қабырға бар ма не?
Ақыры әскерге жарамсыз болып шығады. Сол күні кешке әлгі жігіт кинотеатрға барады. Кино бітіп жарықтардың қосылуымен жанына қараса, күндіз өзінің әлгі қабылдауында болған дәрігерді көріп қалмай ма?! Дәрігер де оны танып қояды. Дәрігер енді сөйлей бастағанда, жігіт бірінші болып дәрігерден сұрайды:
- Кешіресіз ағай, қателесіп мінбеген сияқты едім ғой, бұл Айнабұлаққа баратын автобус емес па?

Ілмектер: тексеру, жігіт, дәрігер, Әскер, Шәріп

×