- Білмеймін неге екенін, баламыздан көптен бері хабар болмай кетті. - Демек ақшасы жеткілікті болғаны ғой. Ілмектер: cтудент, ақша, хабар Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
- Білмеймін неге екенін, баламыздан көптен бері хабар болмай кетті. - Демек ақшасы жеткілікті болғаны ғой.
Қожанасыр бір мейрамхананың алдына тауарларын жайып қойып сауда жасап жатқанында, мейрамхананың иесі Қожанасырға: - Қожеке, әр күні мейрамхананың алдында тамақтардың иісінен пайдаланасыз, мұның ақшасын төлеуіңіз керек!- дейді. - Тамақтың иісіне де ақша төлене ме? - Иә, менің тек қана палау мен мантыларыма ғана емес, олардың иістеріне де ақша төлейсіз, әйтпесе қазыға барып сөйлесеміз. Екеуі бірге қазыға барады. Қазы: - Ал Қожеке, бұған не айтасыз?-дейді. - Дұрыс, депті Қожа. Тамақтардың иісінен аузымның суы құритыны рас, бірақ әр күні санаған ақшамның дауысын естіген бұл кісінің ойына ақша келетіні де рас. Ендеше тамақтың иісіне ақшаның дауысымен төлеп, бұл есепті жабайық... Қожанасыр, ақша
Әрбір шеккен темекі өмірімізді екі сағатқа қысқартады, әрбір ішкен арақ өмірімізді үш сағатқа қысқартады, ал әрбір жұмыс күні өмірімізді сегіз сағатқа қысқартады. өмір, темекі
Бір қожайын жаңадан алған үй қызметшісіне: — Бақшаға барып шалқан жұлып әкел, — деп әмір етеді. Малай шығып кетеді де бірнеше түп шалқан жұлып әкеледі. — Өй, кеще! «Шалқан жұл» дегенімді — «Шалқанды жұлып әкелсем болды» деп түсінгенің бе?! Жұлған соң оны тазалап жуып, турап, одан соң оған қаймақ құйып, үстіне аскөк сеуіп әкелмейсің бе?! Сол күні қожайын аяқ-асты ауырып қалады да, малайын дәрігер шақыруға жұмсайды. Кешке қарай бір-ақ оралған қызметші: — Тапсырмаңыз түгел орындалды. Дәрігер шақырдым. Дәрі-дәрмек алдым, табыт жасауға тапсырыс бердім, зираттан қабір қаздырып қойдым! — депті. бай, қожайын
Баласы әкесінен: — Әке, ақша деген немене? — Ақша деген — қымбат көлік, зәулім сарай, кофе және сұлу қыздар! — Ал ақша жоқ болса, не болады? — Ақша жоқ дегеніміз — автобус, жатақхана, қара шай және сенің шешең... ақша, бала
Ең күлкілі әзілдер жинағы 1. Бір кішкентай бала екі қабат әйелден сұрап тұр: — Сіз балаңызды жақсы көресіз бе? — Иә, жақсы көремін, — деп ішін сипайды. Сонда бала: — Онда неге оны жеп қойғансыз?! 2. Сенің аван алтын! Менің авам алтын! Аваларға лайк бас дегенді қояйықшы, халқым! 3. Көмектесіңдер! Мектеп өртеніп жатыр. Бәрі көмектесті: Біреулер бензин алып келді, Біреулер отын алып келді. 4. Қожадан «жасың нешеде?» десе: — Отыздамын, — депті. Он жылдан кейін тағы сұраса: — Отыздамын. — Он жыл бұрын да отызда едің ғой? — Жігіт екі сөйлемейді! 5. Бір ұры автобуста дәу адамның қалтасын қарап жатады. Анау қолын ұстап алады: — Ей, бейшара! Менің қалтамда не бар? — Өзім де бейшарамын, үшінші қалтаңызды қарап жатырмын, көк тиын жоқ... 6. — Жаным, не ойлап отырсың? — Сен не ойласаң, соны ойлап отырмын. — Ұялмайсың ба, ұятсыз?! 7. Бір қыз бен жігіт диванда отыр. Астында ит жатыр. Қыз байқамай газ шығарып қояды. Жігіт: — Ақтөс, кет деймін! Қыз иттен көріп жатыр екен деп тағы қайталайды. Жігіт тағы: — Ақтөс, кет! Үшінші рет: — Е, Ақтөс, кетесің бе, жоқ па? Қазір мынау басыңа бәле болады! 8. — Кеше жігітім екеуміз саябақта балмұздаққа тойдық! — Неше балмұздақ жедіңдер? — Бір-бірден... — Ой, сен де! — Иә, біз нан қосып жедік. 9. Ауруханада: — Ояныңыз! Ояныңыз! — Не болды? — Мен сізге ұйықтататын дәрі әкелдім... 10. Бір ұмытшақ шал таңертең тұрып, бетін жуып жатып: — Ойбу, бетімді жумаппын ғой! 11. Бала әкесіне күліп келеді: — Әке, мен бір таксисті алдап кеттім! — Қалай? — Ақшасын беріп, өзім мінбей қашып кеттім! 12. — Әже, кеше 120 жасыңызды тойладыңыз. Қалай өтті? — Той болмады... кластастардан ешкім келмеді. 13. — «Я не знаю» дегенді аудара аласыз ба? — Білмеймін. — Сіз де білмейсіз бе? Енді кімнен сұрасам екен... 14. Әйелі күйеуіне: — Сен бірінші орынға футболды қоясың! — Жоқ, қателесесің. Екінші орында бокс. 15. — Мама, мен автобуста бір апкеге орын бердім! — Жарайсың, балам! — Бірақ ол отырмады, сосын қайтадан папамның алдына өзім отырып алдым... күлкілі әзілдер, қазақша әзілдер
Бір тойда асаба былай деген екен: Құрметті той қонақтары, алдарыңызға ас қойдық, екі қолды бос қойдық. Алдарыңыздағы асты кезінде ата-бабаларымыз немісті қалай қырса солай жапыра жеп отырыңыздар! Содан той бітеді. Бір кемпір қолында тырсыйған екі көк пакет шығып бара жатыр дейді. Асаба: - Әже,мынауыңыз не? Кемпір: - Е, қарағым, бұлар пленге түскен немістер ғой-депті )) асаба, әже
«Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген мақалды қалай түсінуге болады? - Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен ұрады. Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады. қойшы, келін
Асықпаған арбамен қоян алар, Еріккен тырнағын бояп алар асықпа өлеңі
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі