Ағайын жат болады алыс болса, Жат та жақын болады — таныс болса. Дұшпан түгіл достарың табалайды, Аяғың бір нәрседен шалыс болса. Ілмектер: ағайын, ағайын-туыс туралы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шал Құлекеұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ағайын жат болады алыс болса, Жат та жақын болады — таныс болса. Дұшпан түгіл достарың табалайды, Аяғың бір нәрседен шалыс болса.
Тату болса – ағайын жақын, Адал болса – дос жақын. — Қазыбек Келдібекұлы ағайын, адал
Әйел алсаң қарап ал ақылдысын, Сол болар басқалардан жақын кісің. Ағайынға, туысқа қайырылса, Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің. Ерге – аю, балаға – қасқыр болса, Ондай қатын алғанның күні құрсын. — Шал Құлекеұлы әйел, ағайын
Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса – қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас. — Шалкиіз Тіленшіұлы ағайын, туыс
Бала болсаң болғандай бол, Ағайынға қорғандай бол. — Мөңке би бала, ағайын
Іні — ағаның тынысы. — Әйтеке би іні, ағайын
Ақсақалға жарасар – тілеуқорлық тобасы, Бәйбішеге жарасар – қолындағы қара сабасы. Келіншекке жарасар – емшектегі баласы, Қыз он беске келгенде – шашынан көп жаласы, Бұл жалғанның жаманы – ағайынның жаласы. — Бұқар жырау ағайын, жала
Инабатты болса – әйел көрікті, Ақ сақал жарасса – шал көрікті, Сүйікті болса – ағайын көрікті. — Қорқыт ата инабат, көрік
Абысының арызы – ағайын сәнін кетірер, Ағайынның арызы – елдің сәнін кетірер. — Бұқар жырау туған, туыс
Хабарлама
INFO
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі