Тату болса – ағайын жақын, Адал болса – дос жақын. Ілмектер: ағайын, адал, дос, татулық Қазыбек Келдібекұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Тату болса – ағайын жақын, Адал болса – дос жақын.
өте керемет нақыл сөзер рахмет
жақсы маған ұнады
Адал болса – досың жақын, Еркелейтін немерең жақын, Өз ұрпағын шөберең жақын, Туып өскен – елің жақын. — Қазыбек Келдібекұлы адал, дос
Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. — Әл – Фараби дос, достық
Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол! — Төле би Әлібекұлы адал, нақыл
Әйел алсаң қарап ал ақылдысын, Сол болар басқалардан жақын кісің. Ағайынға, туысқа қайырылса, Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің. Ерге – аю, балаға – қасқыр болса, Ондай қатын алғанның күні құрсын. — Шал Құлекеұлы әйел, ағайын
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар. — Шәкәрім Құдайбердіұлы Мейірім, ынсап
Ар-ождан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты. — Әл – Фараби адалдық
Адал жүріп, адал тұр. — Абай Құнанбайұлы адалдық
Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен: — Бата — басқа, қына — тасқа, ақыл — жасқа, не қалайсың, балам? — депті. Сонда Жетес бала: — О, қасиетті, баба! — Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, — депті. Онда қолыңды жай, балам, — деп Төле би: Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол! Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол! Бір тонның жағасы болма, Көп көлдың ағасы бол! Ақты ақ деп бағала, аумин, Қараны карала Өзегің талса өзен бойын жағала, Басыңа іс түссе көпшілікті шағала. Өзіңе-өзің кәміл бол. — Халқыңа әділ бол, Жауыңа қатал бол! Досыңа адал бол! — Төле би Әлібекұлы бата, дос
Хабарлама
INFO
өте керемет нақыл сөзер рахмет
жақсы маған ұнады