Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (62) Өлеңдер (43) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (3)

Атаңның ботасын алма,
Батасын ал,
Бота өліп қалады,
Батадан бағың жанады.

Ілмектер: ата, бата Есей би Алдамұратұлы

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен: — Бата — басқа, қына — тасқа, ақыл — жасқа, не қалайсың, балам? — депті. Сонда Жетес бала: — О, қасиетті, баба! — Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, — депті. Онда қолыңды жай, балам, — деп Төле би:

Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп көлдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала, аумин,
Қараны карала
Өзегің талса өзен бойын жағала,
Басыңа іс түссе көпшілікті шағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол.
— Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол!
Досыңа адал бол!

Ілмектер: бата, дос, жау, адалдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Төле би Әлібекұлы

Көптеген ғылыми зерттеулерден кейін «Сөз — адам тағдырын не гүлдендіретін,​ не тас-талқан ететін күшке ие!» - деген тұжырымға келді​ ғалымдар.​ Генетик ғалым П.П. Гаряев: «Жаман сөз — генетикалық аппаратқа енгеннен кейін, жасушада «жарылыс» болады. Нәтижесінде ДНК «жағымсыз өзгеріске» ұшырап,​ ауытқушылық пайда болады»-дейді.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Біз қалай сөйлеп жүрміз?​ Үнемі боқтық сөзбен,​ қарғап-сілеп сөйлейтін үлкендер,​ бала-шағасының тағдырын құртады.​ (Ойынпаз, алқаш, жалқау, альфонс, қылмысқа бейім, күнаһар адамдардың шыққан тегіне бір қарап көріңіз. Әке-шешенің үнемі қарғап-сілеп, бала миына ендірген ақпараты, өз жемісін бермей қоймайды).
Малын қарғайтын малшылар,​ шығынға ұшырайды.​ (Қазақта малға айтылған қарғыстың көптігінен-ақ, жұтты оп-оңай өзіміз шақырғанымызды білдім.)
Шәкіртін жек көретін ұстаздар,​ нашар нәтиже алады. («Осы бір сынып ұнамайды!» «Оңбаған оқушы». «Шешесі жексұрын» сынды көптеген пікірлерді өкінішке орай естіп қалып жатамыз. Егер біз оқушыларға сабырмен дұрыс энергетика жіберіп, шынайы жақсы көрсек, ең бұзық бала да мейірімнің әсерінен жақсы жаққа өзгерер еді..)
Сөз түзелмей — ел түзелмейді!
Үнемі жақсы ойлап,​ жақсы сөйлеп,​ бата-дұға айтып жүрейік. (Қазақ бұрын үлкендерден бата алмай, іс бастамаған. Оқуға аттана ма? Үлкендерді шақырып, ас беріп, жақсы дұға-тілек естіген. Көмек керек болса ауыл болып асарлатып, алғыс алған. Жақсылықтың үлкен-кішісіне қарамаған. Бастысы Аллаһ разылығы үшін іс қылған. Сауап жиған. Қазір ше? Есепсіз жақсылық істей аламыз ба? )

16.06.2023.

Ілмектер: Сөз құдіреті, алғыс, бата, тілек.