Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (14) Өлеңдер (44) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (8) Ұлағатты сөздер (8)

"алғыс" туралы Ұлағатты сөздер

"алғыс" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "алғыс" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Көптеген ғылыми зерттеулерден кейін «Сөз — адам тағдырын не гүлдендіретін,​ не тас-талқан ететін күшке ие!» - деген тұжырымға келді​ ғалымдар.​ Генетик ғалым П.П. Гаряев: «Жаман сөз — генетикалық аппаратқа енгеннен кейін, жасушада «жарылыс» болады. Нәтижесінде ДНК «жағымсыз өзгеріске» ұшырап,​ ауытқушылық пайда болады»-дейді.
​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Біз қалай сөйлеп жүрміз?​ Үнемі боқтық сөзбен,​ қарғап-сілеп сөйлейтін үлкендер,​ бала-шағасының тағдырын құртады.​ (Ойынпаз, алқаш, жалқау, альфонс, қылмысқа бейім, күнаһар адамдардың шыққан тегіне бір қарап көріңіз. Әке-шешенің үнемі қарғап-сілеп, бала миына ендірген ақпараты, өз жемісін бермей қоймайды).
Малын қарғайтын малшылар,​ шығынға ұшырайды.​ (Қазақта малға айтылған қарғыстың көптігінен-ақ, жұтты оп-оңай өзіміз шақырғанымызды білдім.)
Шәкіртін жек көретін ұстаздар,​ нашар нәтиже алады. («Осы бір сынып ұнамайды!» «Оңбаған оқушы». «Шешесі жексұрын» сынды көптеген пікірлерді өкінішке орай естіп қалып жатамыз. Егер біз оқушыларға сабырмен дұрыс энергетика жіберіп, шынайы жақсы көрсек, ең бұзық бала да мейірімнің әсерінен жақсы жаққа өзгерер еді..)
Сөз түзелмей — ел түзелмейді!
Үнемі жақсы ойлап,​ жақсы сөйлеп,​ бата-дұға айтып жүрейік. (Қазақ бұрын үлкендерден бата алмай, іс бастамаған. Оқуға аттана ма? Үлкендерді шақырып, ас беріп, жақсы дұға-тілек естіген. Көмек керек болса ауыл болып асарлатып, алғыс алған. Жақсылықтың үлкен-кішісіне қарамаған. Бастысы Аллаһ разылығы үшін іс қылған. Сауап жиған. Қазір ше? Есепсіз жақсылық істей аламыз ба? )

16.06.2023.

Ілмектер: Сөз құдіреті, алғыс, бата, тілек.
WhatsApp Telegram

Жалынға оның жарығы үшiн алғыс айт; бiрақ елеусiз қалған шырағыңды ұмытпа.

Ілмектер: жалын, алғыс, нақыл, шырақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Рабиндранат Тагор
WhatsApp Telegram

Берген — үндемесін, алған — айтсын.

Ілмектер: алғыс, ризашылық Мигель де Сервантес
WhatsApp Telegram

Рахметі жоққа қызмет көрсетсең — ештеңе етпес, ал оңбағанның қызметін қабылдау — зор бақытсыздық

Ілмектер: рахмет, қызмет, бақытсыздық, оңбаған, алғыс, ризашылық Франсуа де Ларошфуко
WhatsApp Telegram

Ақылды адам алғыс айтудан ауырсынбайды.

Ілмектер: нақыл сөз, ақыл, алғыс Э. Бульвер-Литтон
WhatsApp Telegram

Ақымақтарға алғыс айтайық. Олар болмағанда, басқаларға жетістікке жету қиын болар еді.

Ілмектер: ақымақ, жетістік, алғыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Твен
WhatsApp Telegram

Біреуге бір жақсылық жасап, одан бірден алғыс күтуге болмайды.

Ілмектер: жақсылық, күту, алғыс Александр Куприн
WhatsApp Telegram

Мен тағдырыма тек екі нәрсе үшін алғыс айтамын: испандық болғаным үшін, және мен Сальвадор Далимын.

Ілмектер: тағдыр, алғыс Сальвадор Дали
WhatsApp Telegram