Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол! Ілмектер: адал, нақыл, дос, афоризм, жау Төле би Әлібекұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол!
Өте керемет
Ұстаз болу — жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы Ұстаз болу — мінездің күн шуағы Ұстаз болу — адамның асылдығы. — Ғафу Қайырбеков ұстаз, мұғалім
Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап, Аспан қалай ашылмақ. — Назым Хикмет Ран жастар, жастар туралы нақыл сөз
Шешендіктен не пайда, Артында сөзі қалмаса? Батырлықтан не пайда, Халқына қайран қылмаса? Хандықтан не пайда, Қарашасын жалмаса? Молдалықтан не пайда, Шариғатты өзгертіп, Нашарларды алдаса? — Төле би Әлібекұлы шариғат, батырлық
Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес, дарға асқаны, атқаны, Маған қиын осылардың бəрінен, Өз аулыңның иттері үріп- қапқаны... — Ахмет Байтұрсынұлы сатқындық, сатқындық туралы нақыл сөз
Адал болса – досың жақын, Еркелейтін немерең жақын, Өз ұрпағын шөберең жақын, Туып өскен – елің жақын. — Қазыбек Келдібекұлы адал, дос
Қызда қылық болмаса, Құр шырайдан не пайда. Ерге дәулет бітпесе, Шүлдіреген қызыл тілден не пайда. — Бұқар жырау қыз, дәулет
Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. — Әл – Фараби дос, достық
Театр – адамның өзін-өзі сахнадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын. — Шәкен Айманов театр, нақыл
Төлеужанқызы Меруерт
Өте керемет