Адамның алдымен адам сипаты болуға тиіс.
Ілмектер: адам, сипат Міржақып Дулатұлы
Сипат: тілі – бұлбұл, аяғы – дүлдүл.
Ілмектер: сипат, нақыл сөз Мұхтар Әуезов
Қыз сипаты: мойыл көз, тоқ жүз.
Ілмектер: қыз, әйел, сипат, афоризм, нақыл Шәңгерей Бөкеев
Жақсы әйелдің сипаты:
Ілмектер: жақсы әйел, сипат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Ақ жүзді әйел алсаң бойы сұңғақ.
Қасыңа шақырғанда келсе зулап.
Дауысы «әу» дегенде әрең шығып,
Кеудесі еңкейгенде етсе бұлғақ.
Қара қас, жазық маңдай, қара көзді,
Дауысы жіп-жіңішке, жұмсақ сөзді.
Мінезі майдай еріткен қорғасындай,
Келсе де ерте-кешті бір мінезді.
Жүзінің ақ аралас, қызыл беті,
Жаман сөз сөйлемейді, адал жіпті.
Болған да тісі аппақ, пісте мұрын,
Ауызы қалжың сөзге болса епті.
Жат қылық, шайпау мінез еш болмайды,
Шақ етіп дауысы шықпас баланы ұрған.
Ерте-кеш бір ауылдан ері келсе,
Тап-таза үйдің іші сыпырылған.
Жігітке адал жүріп болар серік,
Қуанар ғазиз құрбы жүзін көріп.
Білгізбей бар болса да, жоқ болса да,
Ол бір марал тұрғыны қасын керіп.
Жаман әйелдің сипаты:
Ілмектер: әйел, сипат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Болмайды сұлу қылықты жаман қатын,
Білмейді оқытсаң да сөздің салтын.
Ілмелеп, салған жерден кекесіндеп,
Қылады ұрыс-жанжал сөздің артын.
Кетеді таң атқан соң өсек бағып,
Қонаққа тамақ бер деп ептеп айтса,
Жүреді теріс қарап жылмың қағып.
Кісіге күле сөйлеп, келмес жанап,
Былшылдар ел көзінше байын талап.
Таусылды қант пен мейіз, ет пен шай деп,
Қонағын қыстай келген бәрін санап.
Сыпырмас үйдің ішін, киіз қағып,
Еш уақыт шаруа қылмас отын жағып.
Тазалық үй ішінде болмаған соң,
Бойыңда қадір-баға қалар нағып.
Орамал жерде жатар кірі батпан,
Салдырап аяқ-табақ қирап жатқан.
Сүтін ішіп, шелегін ит жаласа,
«Кет!» деп еш айтпайды құдай атқан.
Деректің өзі — теория: сипаттап берсең болғаны.
Ілмектер: дерек, сипат, теория Жак Деррида
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі