Қыз сипаты: мойыл көз, тоқ жүз. Ілмектер: қыз, әйел, сипат, афоризм, нақыл Шәңгерей Бөкеев Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Қыз сипаты: мойыл көз, тоқ жүз.
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме. — Абай Құнанбайұлы қайғы, қызық
Қызда қылық болмаса, Құр шырайдан не пайда. Ерге дәулет бітпесе, Шүлдіреген қызыл тілден не пайда. — Бұқар жырау қыз, дәулет
Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы. Әйелің жақсы болса, Бірінші - иманың, Екінші - жиғаның, Үшінші - ырысыңның тұрағы. — Төле би Әлібекұлы ат, жақсы
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман. Атадан өнеге алмаған ұл жаман. — Қорқыт ата ана, ата
Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. — Мұхтар Әуезов әйел, ана
Жаман еркек жар қадірін білмес, Жайсыз әйел ер қадірін білмес. Жалқау адам тер қадірін білмес, Жетесіз жігіт ел қадірін білмес. — Майқы би жаман, ер
Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, Ұл атадан үйренбей сапар шекпес. — Қорқыт ата тәрбие, ұл
Әйел алсаң қарап ал ақылдысын, Сол болар басқалардан жақын кісің. Ағайынға, туысқа қайырылса, Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің. Ерге – аю, балаға – қасқыр болса, Ондай қатын алғанның күні құрсын. — Шал Құлекеұлы әйел, ағайын
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі