Деректің өзі — теория: сипаттап берсең болғаны. Ілмектер: дерек, сипат, теория Жак Деррида Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Деректің өзі — теория: сипаттап берсең болғаны.
Қыз сипаты: Бота көз, оймақ ауыз, қиғаш қасты, Ақ мандай, жазық қабақ, сүмбіл шашты. Сағым бет, тісі меруерт, күміс кірпік, Шырын сөз алуан шекер балдан тәтті. — Сүйінбай Аронұлы Қыз сипаты, нақыл
Қыз сипаты: мойыл көз, тоқ жүз. — Шәңгерей Бөкеев қыз, әйел
Адамның алдымен адам сипаты болуға тиіс. — Міржақып Дулатұлы адам, сипат
Жаман әйелдің сипаты: Болмайды сұлу қылықты жаман қатын, Білмейді оқытсаң да сөздің салтын. Ілмелеп, салған жерден кекесіндеп, Қылады ұрыс-жанжал сөздің артын. Кетеді таң атқан соң өсек бағып, Қонаққа тамақ бер деп ептеп айтса, Жүреді теріс қарап жылмың қағып. Кісіге күле сөйлеп, келмес жанап, Былшылдар ел көзінше байын талап. Таусылды қант пен мейіз, ет пен шай деп, Қонағын қыстай келген бәрін санап. Сыпырмас үйдің ішін, киіз қағып, Еш уақыт шаруа қылмас отын жағып. Тазалық үй ішінде болмаған соң, Бойыңда қадір-баға қалар нағып. Орамал жерде жатар кірі батпан, Салдырап аяқ-табақ қирап жатқан. Сүтін ішіп, шелегін ит жаласа, «Кет!» деп еш айтпайды құдай атқан. — Ақан Сері Қорамсаұлы әйел, сипат
Жақсы әйелдің сипаты: Ақ жүзді әйел алсаң бойы сұңғақ. Қасыңа шақырғанда келсе зулап. Дауысы «әу» дегенде әрең шығып, Кеудесі еңкейгенде етсе бұлғақ. Қара қас, жазық маңдай, қара көзді, Дауысы жіп-жіңішке, жұмсақ сөзді. Мінезі майдай еріткен қорғасындай, Келсе де ерте-кешті бір мінезді. Жүзінің ақ аралас, қызыл беті, Жаман сөз сөйлемейді, адал жіпті. Болған да тісі аппақ, пісте мұрын, Ауызы қалжың сөзге болса епті. Жат қылық, шайпау мінез еш болмайды, Шақ етіп дауысы шықпас баланы ұрған. Ерте-кеш бір ауылдан ері келсе, Тап-таза үйдің іші сыпырылған. Жігітке адал жүріп болар серік, Қуанар ғазиз құрбы жүзін көріп. Білгізбей бар болса да, жоқ болса да, Ол бір марал тұрғыны қасын керіп. — Ақан Сері Қорамсаұлы жақсы әйел, сипат
Сипат: тілі – бұлбұл, аяғы – дүлдүл. — Мұхтар Әуезов сипат, нақыл сөз
Жоспарың болмаса, белгілі деректер шытырманында адасу оп-оңай. — Дмитрий Менделеев жоспар, дерек
Тым нақты деректерге жетер жалған ештеңе жоқ. — Артур Конан Дойл деректер, нақты
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі