Жак Деррида туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.
Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.
Жак Деррида ( фр. Jacques Derrida, 15.07.1930 жыл, Эль-Биаре, Алжир — 08.10.2004 жыл, Париж) — идеялары әсіресе адамзат тілінің методологиясымен бірге әлеуметтанудың бірқатар салаларындағы ойға әсер еткен француз философы.
Ол қазіргі заман француз деконструкциялау ағымының көрнекті өкілі, маңызы ескірмеген және ең көп талас тудырған, батыстық мәдениеттерде шығармалары өте көп оқылатын ойшылдардың бірі. Ол өз өмірінде 40-тан артық монография, жүздеген мақалалар жазған. Ол қазіргі заманғы гуманитарлық салалардың бәрінде дерлік, мысалы антропология, тарих, лингвистика, әлеуметтік лингвистика, саясаттану, феминизм, балалар құқығы секілді көптеген салаларға әсер еткен. Оның шығармалары Еуропа, Латын Америкасы және басқа құрлықтарда көбірек оқылды және батыс философиясына қатысты зерттеулерде оның идеяларына талдау жасау маңызды орында тұрады. Әсіресе онтология, гносеология (әлеуметтік гносеология), этика, эстетика, герменевтика, көркемөнер салаларындағы ықпалы біршама жоғары болды. Жак Дерриданың философиялық идеялары архитектура (деконструкциялық форма), музыка, өнер салаларында тіке қолданылған. Дерриданың өзі тірі кезінде деконструкцияның ұстазы ретінде «мол мұраны артыма қалтырдым» деп айтқан екен. Өмірінің кейінгі кезеңдерінде ол этика және саясат тақырыбындағы мәселелерге назар аударған және ол жазған кітаптар ұқсамаған, тіпті қарама-қарсы саяси қозғалыстарға дейін әсер етіп, оны таласқа толы түрлі-түсті адам етіп көрсеткен.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі