Өлең, жыр, ақындар

Асқар Сүлейменов

Асқар Сүлейменов (29 желтоқсан 1938, Шолаққорған елді мекені, Созақ ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы – 15 мамыр 1992, Алматы) – жазушы, әдебиет сыншысы, драматург.

1959 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогиялық университеті) бітірген.
1962 жылы ҚазПИ-дің (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогиялық университеті) аспирантурасын бітірген.
1961 жылы алғашқы сын мақаласы “Жол басы” “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) газетінде жарияланған.

Шығармалар

“Бесін” (1970)

“Адасқақ” (1988)

“Бесатар” (1996) прозалық шығармалары

“Арғымақ пен шабандоз”

“Кек” (1978, 2002) драмалық жинағы

“Парасат падишасы” (1998)

“Болмыспен бетпе-бет” (2001) сыни-эстетикалық еңбектері, әдебиет пен өнер турасында жүзден астам мақалалары жарық көрген.



Туындылары Нақыл сөздері

Ұлт­жан­ды­лық­ты ауа­ның дең­гейiне кө­тер­ген үш ха­лық бол­са, екеуi — фран­цуз­дар мен по­ляк­тар, екi ха­лық бол­са, та­ғы сол екеуi. Ұлт­шыл­дық­пен ты­ныс­тау — олар үшiн та­би­ғи нәр­се. Па­риж­де қайт­қан Шо­пеннiң жү­регiн Вар­ша­ва­да­ғы шiркеу­ге қоюға ми­рас қылғаны ұмыт қал­май­ды. Ал Аме­ри­ка­ның жа­ла­уы­на шы­рыл­дауы қа­лай?

Ілмектер: Ұлт­жан­ды­лық, ауа, халық, Аме­ри­ка­, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, ойлар, ой, Асқар Сүлейменов, нақыл сөз, ой толғау Асқар Сүлейменов

Қа­зақ­тың екi «­жауы» бар. Бiрi, дос жауы — Абай. Қал­ған­да­ры — қас жауы.

Ілмектер: қазақ, жау, Абай, дос, қас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, ойлар, ой, Асқар Сүлейменов, ой-толғау, нақыл сөз Асқар Сүлейменов

Тәр­биенiң еркiндiгi, еркiндiкпен тәр­бие­леу, еркiндiктi тәр­бие­леу — бұ­лар транзис­тор­дың ан­тен­на­сын­дай бiрiнен-бiрi шы­ға­тын ұғым­дар.

Ілмектер: тәрбие, еркіндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, ойлар, ой, Асқар Сүлейменов Асқар Сүлейменов

Эко­но­ми­ка­лық қауiпсiздiктiң мә­се­лесi, ең ал­ды­мен, ұлт­тық қауiпсiздiктiң мә­се­лесi.

Ілмектер: Эко­но­ми­ка­лық қауiпсiздiк, ұлт­тық қауiпсiздiк, мә­се­ле, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, ойлар, ой, Асқар Сүлейменов Асқар Сүлейменов

Қо­ғам­ның ке­се­лі­нің бір емі — оған ті­ке қа­рау.

Ілмектер: қоғам, кесел, ем, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер, ойлар, ой, Асқар Сүлейменов, нақыл сөз, ой толғау Асқар Сүлейменов

Шын­дық көп, ақи­қат жал­қы.

Ілмектер: Шын­дық, ақи­қат, жал­қы, Асқар Сүлейменов, қанатты сөздер, ойлар, афоризм, нақыл сөздер, Ұлағатты сөздер Асқар Сүлейменов

Шындық — көп, ақиқат — жалқы.

Ілмектер: шындық, ақиқат, жалқы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Тәңірінің бір аты — шындық.

Ілмектер: шындық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Айша Бибінің сағанасындағы жазуды аударса — «Сүмбіле». Су суыды. Өмір — сұмдық».

Ілмектер: Айша бибі, сағана, жазу, аудару, Сүмбіле, су, өмір, сұмдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Тағы да стиль туралы. Мемлекетке тақырыппен, концепциямен қарсы шығар мүмкіндік қалмағанда — көмекке стиль келеді... Жаңа форма, жаңа стилистика іздеу таза эстетиканың иіріміне сүңгу, рухани пластиканы меңгеру — бұлар өзі бағынбаудың энергиясы.

Ілмектер: стиль, мемлекет, тақырып, концепция, форма, эстетика, рухани, бағынбау, энергия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Қанша сүмірейткенмен: ой ойнамай — сөйлем жоқ.

Ілмектер: ой, сөйлем, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Араға адам жүргенде: менімен тілдескісі келген — менімен өзі сөйлесуі керек.

Ілмектер: адам, тілдесу, сөйлесу Асқар Сүлейменов

Адамның рухани ізденіс-сілкіністері үш-ақ сауалдың аясына сияды: А) не біле аламын? Б) не істеуім керек? В) үміт артарым не?

Ілмектер: адам, рухани, ізденіс, сауал, үміт, нақыл Асқар Сүлейменов

Ажал келмейді — ажалға барасың.

Ілмектер: ажал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Қақсауық бар, ділмар бар, оттампаз бар, шешен бар: төртеуі — төрт жұрттан.

Ілмектер: қақсауық, ділмар, шешен, жұрт, оттампаз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Ел дертті — зар шықпаа, тән дертті — зәр шықпаса.

Ілмектер: дерт, зәр, зар, тән Асқар Сүлейменов

Кісілігін жоғалпаса — жауыңның қайсыбір иттігін кешіруге де болады.

Ілмектер: кісілік, жау, кешірім, кешіру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов

Зады, адамның соры — өзін өзгемен өлшеуі.

Ілмектер: адам, сор, өлшеу, салыстыру, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов

Жүректің соғысы — физиология, ал жүректің не қуаныштан, не үрейден барып бас алатын лүпілі — эстетика, өнер, өмірге бергісіз қайран сөз.

Ілмектер: жүрек, қуаныш, эстетика, өнер, өмір, қайран, сөз Асқар Сүлейменов

Достық, ең алдымен — еркіндік.

Ілмектер: достық, еркіндік Асқар Сүлейменов

Қарап көріңіз

Пікірлер