Проблемалар сені депрессияға емес, әрекет етуге итермелеуі керек. Ілмектер: проблема, депрессия, іс-әрекет, қиындық Бернард Шоу Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Проблемалар сені депрессияға емес, әрекет етуге итермелеуі керек.
Адамдар өз-өздерін депрессияға ұшыраған кезде ойлайды. — Михаил Литвак адам, депрессия
Біздер тұрмыс-тіршіліктен қолымыз тимей, дүниенің алдап жатқанын сезбейміз. Сананы тұрмыс-тіршілік билейді деп шатасып жүрміз және кейінгілерді де солай адастырып жатырмыз. Бізге түк қатысы жоқ, зияны көп ақпаратты қабылдау, оған құл болу – өмір сүру салтына айналды. Шарасыздық сезімі, сəтсіздіктер мен көңіл толмаушылық, біздердің – қоғамды, басқаларды, тағдырды (Құдайды) кінəлауға жəне əртүрлі кінәлілерді іздеуге мəжбүр етеді. Адамзаттың көпшілігі өз проблемаларының шешімін өзі емес сыртқы ортаның шешіп бергенін қалайды, өзіне-өзі толық жеткілікті бола алмаған, өз-өзін еркін қамтамасыз ете алмайды, осының нәтижесінде Құлдық Санаға түсіп қалған, масыл және тәуелді адамдар қаптайды. Бұл гуманизм жолы емес! — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, адам
Сіз бірдей көзқарас пен ойлау жүйеңізді өзгертпесеңіз, туындаған проблеманы ешқашан шеше алмайсыз. — Альберт Эйнштейн проблема, шешім
Шын азаматтық бақыт пен шын азаматтық қасірет, ең алдымен, өмірлік проблеманың қалай шешілгеніне байланысты. — Әбіш Кекілбаев бақыт, қасірет
Әдетте қайшы пiкiрлердiң арасында ақиқат жатады деп есептеледi. Мүлде олай емес! Олардың арасында проблема жатады. — Иоганн Вольфганг фон Гёте пікір, ақиқат
Әр адамды сiзбен, сiздiң проблемаларыңыздан гөрi өз қажеттерi мен проблемалары көбiрек қызықтыратынын ұмытпаңыз. Ол үшiн тiсiнiң сырқырауы миллиондар зардап шегетiн аштық пен табиғи апатқа қарағанда маңыздырақ. …Бiреумен әңгiмеге кiрiскенде осы жай қаперiңiзде болсын. — Дейл Карнеги проблема, қызықтыру
Біз ойлаған ойлар – өмір шындығына айналады. Сонымен, сіз көп жағдайда не туралы ойлайсыз? Әдетте проблемалар туралы ойлайсыз. Шынында да, көпшілігіміз таңертең төсектен тұрғанда ойлайтын бірінші нәрсе – біз сол күні шешуіміз керек барлық проблемалар және біздің сол үшін қанша уақыт жұмсап, не істеуіміз керектігі. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, ой
Барлық жағынан жағымды, позитивті, жақсы болып көрінетін адамның өзінде, өмірінде сəтсіздіктер мен қиындықтар, проблемалар болуы мүмкін – демек бұл салдары. Ал себеп мынада, ол белгілі бір уақытта, Жаратушының заңдылықтарын дұрыс түсінбеді немесе дұрыс қолданбады. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, Позитивті ойлау
Хабарлама
INFO
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі