Нақыл сөздер

Кейде бір ғана сөз адамның ойын өзгертіп, өмірге деген көзқарасын жаңарта алады. Бұл бөлімде түрлі тақырыптағы ұлағатты сөздер, терең мағыналы нақыл сөздер және адамға ой салатын даналық ойлар жинақталған.

Егер сіз өмір, адам, тәрбие, достық, білім туралы әсерлі ұлағатты сөздер іздесеңіз, осы беттен табасыз. Мұнда мазмұнды нақыл сөздер мен қысқа да нұсқа ойлар тұрақты түрде толықтырылып отырады.

Бар өмірім өлеңмен өтсе менің,
Туған елді жырлауға жетсе лебім ...

Ілмектер: өмір, өлең, туған ел, туған жер, жыр, афоризм, қанатты сөздер Жарасбай Нұрқанов
WhatsApp Telegram

Жастық шақ өтті қызығы –
Көрген түс, таңғы тұмандай.

Ілмектер: Жастық шақ, түс, таң, тұман, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Александр Пушкин
WhatsApp Telegram

Орнаттым өзіме ескерткіш келмес қолдан.

Ілмектер: ескерткіш, қол, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Александр Пушкин
WhatsApp Telegram

Табиғат керексіз ештеңе жаратпаған.

Ілмектер: табиғат, жаратылыс, керексіз, афоризм, нақыл, нақыл сөздер, Ұлағатты сөздер Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Менің биім — өзімнің ақ жүрегім.

Ілмектер: би, жүрек, афоризм, нақыл, нақыл сөздер, Ұлағатты сөздер Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Қайғылының ішінде жанар жалын.

Ілмектер: қайғы, жалын, жану, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Мақтан күйлеп, арамнан мал жиғанның орны тозақ болады.

Ілмектер: мақтаншақтық, арам, мал, тозақ, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Өмірдің мәні ме? Қашан іздейтініңде.

Ілмектер: өмір, мән, іздеу, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Давид Самойлов
WhatsApp Telegram

Басқа бір тіршілігі бар әлем болса қызық-ақ: онда картоп бар ма екен? Н. бұл сауалды мәнсіз далбаса сұраққа санайды. Онда ақылды адам осы тақырыпқа сұрақ қойып көрсін.

Ілмектер: тіршілік, әлем, картоп, сауал, сұрақ, ақылды адам, тақырып Давид Самойлов
WhatsApp Telegram

Алғашқы махаббат — оған дейінгінің бәрі жай ермек болған махаббат.

Ілмектер: махаббат, алғашқы махаббат, ермек, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Давид Самойлов
WhatsApp Telegram

Ақшаны қайырымсыз алу ма? Қарызға алып, қайтармау.

Ілмектер: ақша, қарыз, қайтармау, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Давид Самойлов
WhatsApp Telegram

Достық дегенміз біреудің үйіне жайдан жай келіп қоныстап қалу.

Ілмектер: достық, үй, қоныс Давид Самойлов
WhatsApp Telegram

Шағын ортада кеңінен танымал.

Ілмектер: орта, танымалдық Борис Слуцкий
WhatsApp Telegram

Талғамыңызға шүбәңіз болса ол — оның сізде барының белгісі.

Ілмектер: талғам, шүбә Уистен Хью Оден
WhatsApp Telegram

Нағыз керекті жерге келгенде адам қашанда жалғыз.

Ілмектер: жалғыздық, жалғыз Мэй Сартон
WhatsApp Telegram

Ағаштар, бақтар, құстардың бітсе құт - демі,
Махаббаттың да біткені.

Ілмектер: махаббат, ағаш, бақ, құс Матей Бор
WhatsApp Telegram

Қар үстімен келе жатқан ақсиып,
Ажал дейтін біздің жарылқаушымыз.
Ал, қажеті қаншалықты көк мұздың?
Қажет, қажет.
Көпір салмау үшін де.

Ілмектер: ажал, қар, көпір, мұз Матей Бор
WhatsApp Telegram

Отанға деген махаббатта шекара болмайды.

Ілмектер: отан, махаббат, шекара Станислав Ежи Лец
WhatsApp Telegram

Өмір көп нәрсені өз еркіңнен тыс жасауға әсер етеді.

Ілмектер: өмір, ерік Станислав Ежи Лец
WhatsApp Telegram

Не тапты қазақ Құлагерді ұрып жыққаннан.

Ілмектер: қазақ, Құлагер Әбділдә Тәжібаев
WhatsApp Telegram

Тот басады темірді, сел шаяды жеңілді.

Ілмектер: тот, темір, сел, жеңіл Әбділдә Тәжібаев
WhatsApp Telegram

Құяр судан бөлінсе көл тұнады,
Қайнаған өмірден бөлінсе көңіл тұнады.

Ілмектер: су, көл, өмір, көңіл Әбділдә Тәжібаев
WhatsApp Telegram

Қадірсіздің өсегі шаң сияқты,
Бір сілкінсең қалмайтын.
Қадірлінің өсегі заң сияқты,
Жалған десең нанбайтын.

Ілмектер: өсек, заң, жалған, қадірлі, қадірсіз Әбділдә Тәжібаев
WhatsApp Telegram

Күңгірт шамнан көрінбесе төңірек,
Жақ жарығын жүрегіңнің тезірек.

Ілмектер: шам, жүрек Әбділдә Тәжібаев
WhatsApp Telegram

Әйелсіз үй — сусыз диірмен.

Ілмектер: әйел, үй, диірмен, су Әбділдә Тәжібаев
WhatsApp Telegram

Айдан алқа. Жұлдыздан жүзік іздеме.

Ілмектер: ай, алқа, жұлдыз, жүзік Әбділдә Тәжібаев
WhatsApp Telegram

Кім қанша төмен түссе де, сен өз биігіңде қал.

Ілмектер: биіктік, төмен түсу Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ұрпақ тәрбиесі елу пайыз сенің мойныңда. Ұлың өзіңнен озатын болсын. Қызың саған қарап серігін тауып, бақытты болсын.

Ілмектер: тәрбие, бақыт, ұл, қыз, ұрпақ Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Өміріңнің сапасына тек сен жауаптысың!

Ілмектер: өмір, сапа, жауапкершілік Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Өнер үйрен. Мамандығыңда мықтысы бол.

Ілмектер: өнер, мамандық Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram