Нақыл сөздер, ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, әзілдер – 13-бет

Ақ қойдан қара қозы да туар.

Ілмектер: ақ, қара, қой, туу, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Арбамен қоян ауланбас.

Ілмектер: арба, қоян, ау, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Ананың бақыты қызына.

Ілмектер: ана, бақыт, қыз, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Аласа есектің арқасы босамас.

Ілмектер: аласа, есек, арқа, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Алтын отта сыналар,
Адам мехнатта сыналар.

Ілмектер: алтын, от, адам, мехнат, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Алтын есек күміс есекке мұқтаж болар.

Ілмектер: алтын, күміс, есек, мұқтаждық, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Арыстан ақырса, аттың аяғы шалынар.

Ілмектер: арыстан, аяқ, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Ат адамына карай жүгірмес,
Адымына карай жүгірер.

Ілмектер: ат, адам, жүгіру, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Адам адамға керек болмаса,
Бір-бір таудың басында каңғырар еді.

Ілмектер: адам, тау, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Адам адамнан қорықпас – ұялар.

Ілмектер: адам, қорқу, ұят, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Атасын танымаған – Алласын танымас.

Ілмектер: ата, Алла, тану, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Адам болатынға бір сөз де жетер.

Ілмектер: адам, сөз, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Алла берерінде: «Кімнің ұлы?»
«Кімнің қызы?» – демес.

Ілмектер: Алла, ұл, қыз, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Ана хақысы – Алла хақысы.

Ілмектер: ана, Алла, ақы, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Алтын қолды пышақ кеспес.

Ілмектер: алтын, қол, пышақ, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Асыл азбас,
Бал базданбас.

Ілмектер: асыл, бал, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Адамның қадірмені – адам.

Ілмектер: адам, қадір, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Ақыл үшін тарих біреу-ақ.

Ілмектер: ақыл, тарих, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Екі жинақ- “Қырық мысал”, “Маса”- қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам - тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады.

Ілмектер: қырық мысал, қазақ әдебиет, Ахмет Бай­тұрсынұлы Рымғали Нұрғалиев
WhatsApp Telegram

Көз жасы, жылау туралы мақал-мәтелдер

Балаға пышақ бермесең бір жылар,
Берсең екі жылар.

Бiреу бiлмегендi, бiреу бiлер,
Бiреу жылайтынға, бiреу күлер.

Жылайын деген баланың
Үш күн бұрын көзі қышиды.

Жылағанды сұрама, күлгенді сұра.

Баласы жыламаса,
Анасы жұбатпайды.

Жылау мен күлу – төркіндес.

Қайғы – пайдасыз,
Жылау – жәрдемсіз.

Баланың жылағаны –
Емшек сұрағаны.

Жыламаған балаға,
Емшек бермейді.

Тіріде сыйласпаған,
Өліде жыласпайды.

Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.

Ілмектер: Көз жасы, жылау, жас
WhatsApp Telegram

Аңдарға байланысты мақал-мәтелдер

Төменде жануарлар мен аңдарға қатысты ең танымал әрі жиі айтылатын мақал-мәтелдер жинағы ұсынылған:

Арыстанда бір кісінің күші бар,
Қырық кісінің жүрегі бар.
Жолбарыста бір кісінің жүрегі бар,
Қырық кісінің күші бар.

*** *** *** ***

Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.

*** *** *** ***

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

*** *** *** ***

Құнанның жайылымы бір, жусауы басқа.

*** *** *** ***

Құлан құдыққа жығылса, құрбақа құлағында ойнайды.

*** *** *** ***

Құланның қасуына, мылтықтың басуы да дәл келді.

*** *** *** ***

Құлан басына күн туса, қодығына қарамас.

*** *** *** ***

Құлан кісінесе, үйірі жиналады.

*** *** *** ***

Түлкі түгінен жазады.

*** *** *** ***

Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алар.

*** *** *** ***

Қоян көлеңкесінен қорқады, қанжығада табысады.

*** *** *** ***

Арыстанның аузында,
Түрікпеннің түбінде.

*** *** *** ***

Қаршығалыға қоян кездеспейді,
Жарақтыға жау жолықпайды.

*** *** *** ***

Өлік шыққан үйдің алдында арыстан жатады.

*** *** *** ***

Асықпаған арбамен қоянға жетер.

*** *** *** ***

Қой еті — қоян еті.

*** *** *** ***

Қоянның қарасын көріп,
Қалжасынан тұңіл.

*** *** *** ***

Аюға намаз үйреткен таяқ.

*** *** *** ***

Бір түлкі жеті бөріні алдайды.

*** *** *** ***

Бөлінгенді бөрі жейді.

*** *** *** ***

Қасқырдың ауызы жесе де қан, жемесе де қан.

Ілмектер: аңдар, жануарлар, аң, жануар, мақал-мәтелдер, мақал, мәтел
WhatsApp Telegram

Паскаль тіліндегі ең қызық анекдоттар

Паскаль тілі тек есеп шығаратын немесе бағдарлама жазатын тіл ғана емес, ол арқылы қызықты анекдоттар мен күлкілі кодтар да жасауға болады.

program Student;

var
homework: Boolean;

begin
homework := False;

if homework then
Writeln('Бүгін демаламын.')
else
begin
Writeln('Google ашылды.');
Writeln('Нағыз білім басталды.');
end;
end.


program Internet;

var
wifi: Boolean;

begin
wifi := False;

if wifi then
Writeln('Үйде тыныштық.')
else
begin
Writeln('Wi-Fi өшті.');
Writeln('Отбасы бір-бірімен сөйлесе бастады.');
end;
end.


program Exam;

var
day: Integer;

begin
for day := 1 to 5 do
Writeln('Ертең дайындаламын...');

Writeln('Емтихан: Сәлем :)');
end.


program AlarmClock;

var
snooze: Integer;

begin
for snooze := 1 to 3 do
Writeln('Тағы 5 минут...');

Writeln('Сабақ әлдеқашан басталып кетіпті.');
end.

program Error;

begin
Writeln('Мұғалім:');
Writeln('- Паскаль тілінде ең көп қолданылатын сөз қандай?');
Writeln('Оқушы:');
Writeln('- Error :)');
end.

Ілмектер: паскаль тілі, анекдоттар
WhatsApp Telegram

Ломоносовтың бойында екі түрлі қабілет бар - ақындық пен ғалымдық, оның соңғысы алғашқысына қарағанда күштірек” - деген еді В. Белинский. Осыған ұқсас жайды Ахмет бойынан да көреміз. Оның ақындығын ғалымдығы жеңіп кетті… Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, алғашқы ту ұстаушысы болып Ахмет қашан да тарих биігінде тұрады.

Ілмектер: Ахмет Бай­тұрсынұлы, ақындық, ғалымдық, поэзия Серік Қирабаев
WhatsApp Telegram

Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны- “Қырық мысал” , “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер - білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды.

Ілмектер: Ахмет Байтұрсынұлы, ана тілі, әдебиет, білім, саясат Мұхтар Әуезов
WhatsApp Telegram

… А. Байтұрсынұлының өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсынұлының арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…

Ілмектер: Ахмет Байтұрсынұлы, қазақ әдебиеті, өлең, қазақ зиялылары Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

… өзге оқыған замандастары өз бастарының пайдасын ғана іздеп, ар һәм имандарын сатып жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тіккен. Ахмет Байтұрсынұлы ұлтын шын сүйетін шын ұлтшыл.

Ілмектер: Ахмет Байтұрсынұлы, ұлт Сәкен Сейфуллин
WhatsApp Telegram

Әр кітаптың адамға берер өз әлемі бар, тек оны аша алатын жүрек керек.

Ілмектер: кітап, нақыл сөз, авторлық ой, қазақша цитата, терең ой, кітап туралы ой Азамат Төре
WhatsApp Telegram

Жақтырмаса сөйлеспе, сөйлемей ме сен де үндеме!

Ілмектер: Жақтырмаса сөйлеспе, сөйлемей ме сен де үндеме! Абдраманов Арсланбек
WhatsApp Telegram

Дос ол бөтен адам, ал туыс — бір бауыр ет!

Ілмектер: Дос ол бөтен адам, ал туыс — бір бауыр ет! Абдраманов Арсланбек
WhatsApp Telegram

Алысы бардың, берісі бар!

Ілмектер: Алысы бардың, берісі бар! Абдраманов Арсланбек
WhatsApp Telegram