Нақыл сөздер, ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер, әзілдер – 14-бет

Ақылыңмен барла,
Жүрегіңмен талға.

Ілмектер: Ақыл, жүрек, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Алланың ісіне араласпа.

Ілмектер: Алла, араласу, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Ағашты жейтін – құрт,
Адамды жейтін – күйік.

Ілмектер: ағаш, құрт, күйік, адам, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Ажалға қарсы амал жоқ.

Ілмектер: ажал, амал, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Аяй білмеген адам емес.

Ілмектер: аяу, адам, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Ақынға керегі – асқақ сөз бен аспап – саз.

Ілмектер: ақын, сөз, саз, аспап, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Аярдың арбағанына алданба.

Ілмектер: арбау, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Айтарыңды алдын ала анықтап ал.

Ілмектер: айту, алдын ала, анықтау, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Алтын легеннің қан құсқанға не пайдасы бар?

Ілмектер: алтын, леген, қан, құсу, пайда, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Ақ қойдан қара қозы да туар.

Ілмектер: ақ, қара, қой, туу, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Арбамен қоян ауланбас.

Ілмектер: арба, қоян, ау, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Ананың бақыты қызына.

Ілмектер: ана, бақыт, қыз, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Аласа есектің арқасы босамас.

Ілмектер: аласа, есек, арқа, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Алтын отта сыналар,
Адам мехнатта сыналар.

Ілмектер: алтын, от, адам, мехнат, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Алтын есек күміс есекке мұқтаж болар.

Ілмектер: алтын, күміс, есек, мұқтаждық, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Арыстан ақырса, аттың аяғы шалынар.

Ілмектер: арыстан, аяқ, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Ат адамына карай жүгірмес,
Адымына карай жүгірер.

Ілмектер: ат, адам, жүгіру, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Адам адамға керек болмаса,
Бір-бір таудың басында каңғырар еді.

Ілмектер: адам, тау, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Адам адамнан қорықпас – ұялар.

Ілмектер: адам, қорқу, ұят, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Атасын танымаған – Алласын танымас.

Ілмектер: ата, Алла, тану, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Адам болатынға бір сөз де жетер.

Ілмектер: адам, сөз, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Алла берерінде: «Кімнің ұлы?»
«Кімнің қызы?» – демес.

Ілмектер: Алла, ұл, қыз, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Ана хақысы – Алла хақысы.

Ілмектер: ана, Алла, ақы, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Алтын қолды пышақ кеспес.

Ілмектер: алтын, қол, пышақ, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Асыл азбас,
Бал базданбас.

Ілмектер: асыл, бал, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Адамның қадірмені – адам.

Ілмектер: адам, қадір, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Ақыл үшін тарих біреу-ақ.

Ілмектер: ақыл, тарих, Түрік халқының мақалы Мұзафар Әлімбаев
WhatsApp Telegram

Екі жинақ- “Қырық мысал”, “Маса”- қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам - тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады.

Ілмектер: қырық мысал, қазақ әдебиет, Ахмет Бай­тұрсынұлы Рымғали Нұрғалиев
WhatsApp Telegram

Көз жасы, жылау туралы мақал-мәтелдер

Балаға пышақ бермесең бір жылар,
Берсең екі жылар.

Бiреу бiлмегендi, бiреу бiлер,
Бiреу жылайтынға, бiреу күлер.

Жылайын деген баланың
Үш күн бұрын көзі қышиды.

Жылағанды сұрама, күлгенді сұра.

Баласы жыламаса,
Анасы жұбатпайды.

Жылау мен күлу – төркіндес.

Қайғы – пайдасыз,
Жылау – жәрдемсіз.

Баланың жылағаны –
Емшек сұрағаны.

Жыламаған балаға,
Емшек бермейді.

Тіріде сыйласпаған,
Өліде жыласпайды.

Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.

Ілмектер: Көз жасы, жылау, жас
WhatsApp Telegram

Аңдарға байланысты мақал-мәтелдер

Төменде жануарлар мен аңдарға қатысты ең танымал әрі жиі айтылатын мақал-мәтелдер жинағы ұсынылған:

Арыстанда бір кісінің күші бар,
Қырық кісінің жүрегі бар.
Жолбарыста бір кісінің жүрегі бар,
Қырық кісінің күші бар.

*** *** *** ***

Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.

*** *** *** ***

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

*** *** *** ***

Құнанның жайылымы бір, жусауы басқа.

*** *** *** ***

Құлан құдыққа жығылса, құрбақа құлағында ойнайды.

*** *** *** ***

Құланның қасуына, мылтықтың басуы да дәл келді.

*** *** *** ***

Құлан басына күн туса, қодығына қарамас.

*** *** *** ***

Құлан кісінесе, үйірі жиналады.

*** *** *** ***

Түлкі түгінен жазады.

*** *** *** ***

Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алар.

*** *** *** ***

Қоян көлеңкесінен қорқады, қанжығада табысады.

*** *** *** ***

Арыстанның аузында,
Түрікпеннің түбінде.

*** *** *** ***

Қаршығалыға қоян кездеспейді,
Жарақтыға жау жолықпайды.

*** *** *** ***

Өлік шыққан үйдің алдында арыстан жатады.

*** *** *** ***

Асықпаған арбамен қоянға жетер.

*** *** *** ***

Қой еті — қоян еті.

*** *** *** ***

Қоянның қарасын көріп,
Қалжасынан тұңіл.

*** *** *** ***

Аюға намаз үйреткен таяқ.

*** *** *** ***

Бір түлкі жеті бөріні алдайды.

*** *** *** ***

Бөлінгенді бөрі жейді.

*** *** *** ***

Қасқырдың ауызы жесе де қан, жемесе де қан.

Ілмектер: аңдар, жануарлар, аң, жануар, мақал-мәтелдер, мақал, мәтел
WhatsApp Telegram