Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (3) Өлеңдер (1) Ұлағатты сөздер (2)

Ахмет Бай­тұрсынұлы — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "Ахмет Бай­тұрсынұлы" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Екі жинақ- “Қырық мысал”, “Маса”- қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам - тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады.

Ілмектер: қырық мысал, қазақ әдебиет, Ахмет Бай­тұрсынұлы Рымғали Нұрғалиев
WhatsApp Telegram

Ломоносовтың бойында екі түрлі қабілет бар - ақындық пен ғалымдық, оның соңғысы алғашқысына қарағанда күштірек” - деген еді В. Белинский. Осыған ұқсас жайды Ахмет бойынан да көреміз. Оның ақындығын ғалымдығы жеңіп кетті… Қазақ даласына азаттық идеясы тарай бастаған тұста жаңа поэзияның бастаушысы, алғашқы ту ұстаушысы болып Ахмет қашан да тарих биігінде тұрады.

Ілмектер: Ахмет Бай­тұрсынұлы, ақындық, ғалымдық, поэзия Серік Қирабаев
WhatsApp Telegram