Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (6)

"қас" туралы Мақал-мәтелдер

"қас" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "қас" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Әкім ақылды, дана болса, төңірекке бас болар.
Ақымақ жауыз болса, төңірекке қас болар.

Ілмектер: әкім, дана, төңірек, ақымақ, жауыз, қас
WhatsApp Telegram

Қасын түзеймін деп, көзін шығарып алды.

Ілмектер: қас, көз, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Қасыңды түзетемін деп,
Көзіңді шығарып алма.

Ілмектер: қас, көз
WhatsApp Telegram

Қасыңды бүлдіре білсең,
Досыңды күлдіре білесің.

Ілмектер: дос, қас
WhatsApp Telegram

Ақымақ достан ақылды қасың жақсы.

Ілмектер: ақымақ, дос, қас
WhatsApp Telegram

Кішкене қасың болса, үлкен пілдей көр.

Ілмектер: қас, дұшпан, піл
WhatsApp Telegram

Ат алсаң бойы менен басын ал,
Қатын алсаң көзі менен қасын ал.

Ілмектер: ат, қатын, бой, көз, қас
WhatsApp Telegram

Қас екеніңді қабағыңнан танимын,
Сараң екенінді табағыңнан танимын.

Ілмектер: қас, табақ, сараң, пейіл, ынсап
WhatsApp Telegram

Қасың менен досыңды
Қас-қабағы танытар.

Ілмектер: қас, дос
WhatsApp Telegram

Қамысты бос ұстасаң,
Қолыңды кеседі.
Қасыңды бос ұстасаң,
Төбеңді теседі.

Ілмектер: қас, дұшпан
WhatsApp Telegram

Қас боп жүріп,
Дос болғанға мақтан.
Дос боп жүріп,
Қас болғаннан сақтан.

Ілмектер: қас, дос
WhatsApp Telegram

Досыңа шапан кигізсең,
Ішік кигізді дейді.
Қасыңа ішік кигізсең
Шапан кигізді дейді.

Ілмектер: дос, қас
WhatsApp Telegram

Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?

Ілмектер: ана, ашу, дос, қас, ас, жас
WhatsApp Telegram

Дос көңіліңді суытып айтады,
Қасың ойыңды жылытып айтады.

Ілмектер: дос, қас
WhatsApp Telegram