Рух өлмейді, рух көшеді. Ілмектер: рух Тоқсары Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Рух өлмейді, рух көшеді.
Рухы мен намысы сөнген ел - өлген ел. — Шерхан Мұртаза Рух, намыс
Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?! — Ахмет Байтұрсынұлы дәйексөз, ел
Рухани жағынан сұлу адамдар — бұлар ең алдымен бақытты адамдар. — Василий Сухомлинский бақыт, рухани
Адам рухы айналасынан бөлек жасай алмайды... — Ғабит Мүсірепов адам, рух
Ескі қазақ баласы, шынында, өлеңмен қарсы алынып, өлеңмен шығарып салынатын болған. Бұл қазақ рухына анық сіңген мінез еді. — Мұхтар Әуезов қазақ, бала
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады. — Мұхтар Әуезов дәуір, тіл
Отаныңнан қанша шақырым ұзақтасаң, Сонша шақырым рухани жақындай түсесің. — Қадыр Мырза Әли қадір, Отан
Рухани мәдениетінің өрісі басқаларға да ортақ болу дәрежесіне жету - халықтың жасампаздығының кепілдігі. — Сағатхан Әшімбаев рухани, халық
Адам ерлігінің ең зор сынағы - жеңіліске ұшырағанда рухы түспеу. — Роберт Ингерсолл ерлік, сынақ
Салың суға кетпесін. Салың ешқашан суға кетпесін. Менің үлкен жетістікке жетуімнің құпиясы ешқашан рухани күйремеу. Біреудің көзінше ешқашан рухани құлама. — Эрнест Хемингуэй жетістік, құпия
Рух - таза ақыл. — Шәкәрім Құдайбердіұлы рух, ақыл
Адам денесінің өз шегі бар, бірақ адам рухы ештеңемен шектелмейді. — Дин Карназес Адам денесі, Рух
Ұлттық рух – бұл, асыл қасиет, ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркеуделік. — Бауыржан Момышұлы ұлт, рух
Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ болатын. — Мұстафа Шоқай ұлт, рух
Орысты ренжiтсең Мәскеуге шабады, қазақты ренжiтсең қайда шабады? Өзiңнiң алдыңа айналып келедi, Асанбай. Орыстың артында тұрған Мәскеуi бар. Қазақтың артында Мәскеуi жоқ, қазақтың Мәскеуi - бiздермiз Асанбай, қолыңнан келгенше қазақты жылатпауға тырыс, қорлыққа берме. Қорлыққа көнген халық зорлыққа да көнетiн иiсалмас, ынжық болып кетедi. Ұлт өзiнiң мүддесiн өзi қорғай алатын дәрежеге жетуi керек. Кезiнде қазақтың жанын сақтап қалсақ екен дедiк қой..., бiз ол дәуiрден өттiк. Ендi қазақтың рухын, намысын сақтауымыз керек. Д. А. Қонаевтың Асанбай Асқаровқа айтқан сөзi — Дінмұхамед Қонаев қазақ, намыс
Бала жөнінде әділ және дұрыс пікір айту үшін, оны өз ортасынан өзіміздің ортамызға алып келмей, өзіміз олардың рухани дүниесіне көшуіміз керек. — Николай Пирогов бала, пікір
Ауру-сырқаудан сау дене дұрыс рухтың жемісі болып табылады. — Бернард Шоу ауру, дене
Әлемде екі құдіретті күш бар: қылыш пен рух. Соңында, рух қылышты жеңуі тиіс. — Наполеон Бонапарт әлем, қылыш
Мақсаты биіктеген сайын адам да рухани толыса береді. — Фридрих Шиллер Мақсат, адам
Баланың рухани өміріне тереңдей қарай алмаған адам нағыз тәрбиелеуші бола алмайды. — Василий Сухомлинский бала, рухани өмір
Күйреген рухты қайта көтеру - міне, қазіргі тандағы басты мақсат қып-қызыл өтірікті көтере беретін осы дүние ғана. О дүниеде оңдай қулық өтпейді. — Шерхан Мұртаза рух, дүние
Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл. — Әбіш Кекілбай тіл, руханият
Жалпақ əлемді аузыңа қарату үшін − рухани ерлік керек, жалпақ əлемге қысылмай, қымтырылмай қарау үшін − рухани байлық керек. — Әбіш Кекілбаев әлем, ерлік
Тән үшін сүрген өмір азап шектіреді. Рух үшін сүрген өмір ғана рақатқа жеткізеді. — Лев Толстой тән, рух
Кез келген адамды ұрып жығу оңай. Бірақ рухы мықты адамды есеңгірету мүмкін емес. — Дейл Карнеги адам, рух
Бұл бетте қандай ұлағатты сөздер бар?
рух туралы ұлағатты сөздер берілген.
рух туралы ұлағатты сөздер тағы бар ма?
рух туралы басқа да ұлағатты сөздер бар.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі