Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ болатын. Ілмектер: ұлт, рух, тіл, құқық Мұстафа Шоқай Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл. Кешегі Ресей тіліміздің дамуына жол бермеді. Ол кезде біздің ұлттық басылымдар шығару құқығымыз жоқ болатын.
Ұлттық рухтың негізі-ұлттық тіл
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады. — Мұхтар Әуезов дәуір, тіл
Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі. — Бауыржан Момышұлы тіл, ұлт
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. — Ахмет Байтұрсынұлы тіл, ұлт
Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден. — Әлихан Бөкейханов қызмет, ұлт
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық. — Бауыржан Момышұлы ұлт, сатқындық
Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз. — Мұхтар Әуезов ұл, қыз
Кітап дегеніміз алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа арнап қалдырған рухани өсиеті, қаусаған қарттың өмір есігін жаңа ашқан жасқа өлер алдында айтқан ақылы, тынығуға кеткен сақшының өз орнына келген сақшыға берген бұйрығы болып табылады. — Александр Герцен кітап, ұрпақ
Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. — Мағжан Жұмабаев ұлт, тіл
Жумабек
Ұлттық рухтың негізі-ұлттық тіл