Абақ: «Бала белде - өлгеннің орны толар, бірақ жақсы боларын кімбілген; Гиндандай сенімді дос опат болса - орны қалай толар». Ілмектер: дос, бала Тоқсары Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Абақ: «Бала белде - өлгеннің орны толар, бірақ жақсы боларын кімбілген; Гиндандай сенімді дос опат болса - орны қалай толар».
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. — Абай Құнанбайұлы бала, еңбек
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. — Қорқыт ата ұл, мал
Адал болса – досың жақын, Еркелейтін немерең жақын, Өз ұрпағын шөберең жақын, Туып өскен – елің жақын. — Қазыбек Келдібекұлы адал, дос
Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы. Әйелің жақсы болса, Бірінші - иманың, Екінші - жиғаның, Үшінші - ырысыңның тұрағы. — Төле би Әлібекұлы ат, жақсы
Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. — Әл – Фараби дос, достық
Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса — қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса— іздеп таба алмайсың. — Абай Құнанбайұлы жаман, дос
Жақсымен дос болсаң, Алдыңнан шығар елпектеп... Жаманмен дос болсаң, Сыртыңнан жүрер өсектеп. — Махамбет Өтемісұлы Достық, Өсек
Бір бала бар — атасына жете туады, Бір бала бар — атасынан өте туады, Бір бала бар — көтінен кері кете туады. — Қазыбек Келдібекұлы бала, ата
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі