Табын-табын малыңмен емес, қатар-қатар қосыңмен емес - ақ адал досыңмен мақтан. Ілмектер: дос, мал, дүние, мақтану Тоқсары Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Табын-табын малыңмен емес, қатар-қатар қосыңмен емес - ақ адал досыңмен мақтан.
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. — Қорқыт ата ұл, мал
Адал болса – досың жақын, Еркелейтін немерең жақын, Өз ұрпағын шөберең жақын, Туып өскен – елің жақын. — Қазыбек Келдібекұлы адал, дос
Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. — Әл – Фараби дос, достық
Жаман дос — көлеңке: басыңды күн шалса — қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса— іздеп таба алмайсың. — Абай Құнанбайұлы жаман, дос
Жақсымен дос болсаң, Алдыңнан шығар елпектеп... Жаманмен дос болсаң, Сыртыңнан жүрер өсектеп. — Махамбет Өтемісұлы Достық, Өсек
Тату болса – ағайын жақын, Адал болса – дос жақын. — Қазыбек Келдібекұлы ағайын, адал
Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол! — Төле би Әлібекұлы адал, нақыл
Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар. — Шәкәрім Құдайбердіұлы Мейірім, ынсап
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі