Жаны дөрекінің көзі мен құлағы да сенімсіз куәлар. Ілмектер: көз, құлақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дөрекілік Гераклит Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жаны дөрекінің көзі мен құлағы да сенімсіз куәлар.
Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние – ғажап, сен – есік. Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – меншік. — Әл – Фараби дүние, көз
Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман. — Әлихан Бөкейханов көңіл, соқыр
Құлақ екеу, ауыз біреу. Ол не үшін бұлай? Көп тыңдап, аз сөйлеуге жаратқан оны Құдай. Ауыз біреу, көз екеу – ол не үшін бұлай? Көп көріп, аз таңдануға жаратқан оны солай. Ауыз біреу, қол екеу – ол не үшін бұлай? Көп жұмысшы, аз жеуші – жаратқаны ол солай. — Ахмет Байтұрсынұлы сөйлеу, көру
Көздер сөйлей алады. Қуаныштан күле де, жылай да алады. Көздермен естен адастыруға да, жылата да аласың. Сөздермен алдауға болады, бірақ көзбен алдау мүмкін емес. Адамның көздерінде тылсым күш жатыр. — Омар Хайям көз, алдау
Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім. — Ғабит Мүсірепов әйел, дүние
Бас көзі жұмылады, көңіл көзі жұмылмайды. — Шәкәрім Құдайбердіұлы Көз, көңіл
Ғашық адам белгі берер түстен де — Ол білінер көзі көзге түскенде. — Жүсіп Баласағұни ғашық, Көз
Өз қалыбыңа өзің сыймай қалған сәттерде жалғанның жалғандығын бетіне басып, айқайлап бір ебіл-дебілің шығып жылап алсаң... Әйелдің жылағаны – жеңілгені. Жеңілгені – жеңілдегені. Олар осылай жан дүниесін айқара ақтарып жылап алуы арқылы күллі қиындығын еңсере алады. Түнімен жылап шығып-ақ ертеңіне түк болмағандай жайраң қағатын да – әйелдер. Еркектер, біздер сияқты жылай алмайсыздар ғой, мойындасаңыздаршы? Әйел болудың артықшылығы да осында шығар... Әрине, көз жасымыз тек жақсылыққа көрінсін. Жылай алмайтын әйелден қорқу керек, расында. — Салтанат Айдарбекова жылау, әйел
Хабарлама
INFO
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі